Атырауда алғаш рет парабиден (арбадағы би) ел біріншілігі өтті

Еліміздің түкпір-түкпірінен 26 жұп қатысып, “Атырау” дене шынықтыру кешенінде өнер көрсетті.

Сөйтіп, дүйім жұрттың алдында мүмкіндіктері шектеулі болғанымен, құлшыныстары шексіз екенін тағы бір рет дәлелдегендей болды. Расымен де, би – қамкөңіл жандар үшін таптырмас мүмкіндік. Сол би арқылы олар көпшілік назарын өздеріне аудартып, қоғамға қажет екендіктерін, әр қадам сайын кездесетін қызықтар мен қиындықтарды барынша жеткізе алды.

Сондай-ақ, чемпионат аясында халықаралық би спорты бойынша «ЕврАзия-2019» турнирі ұйымдастырылды. Осы орайда, қос шараны да «Аэлита» би клубы өткізіп отырғанын айта кеткен жөн. Жарыс қорытындысымен түрлі номинациялар өз жеңімпаздарын тапты. Оларға арнайы дипломдар мен естелік сыйлықтар табысталды.

– Әр түрлі өңірлерде осындай жарыс өткізу арқылы ерекше қажеттіліктері бар адамдарды оңалтуға болады. Бұл ҚР Тұңғыш Президентінің кедергісіз орта құру туралы тапсырмасының мониторингі болып табылады. Халықаралық турнирге қатысу үшін ең жақсы параспортшылар іріктелініп алынды. Мүмкіндігі шектеулі жандарды оңалтуға көп көңіл бөлу керек. Облыстық және қалалық деңгейде спорттық биді дамыту қажет. Осындай жарысты өткізу мұнайлы астанамыздың тарихында маңызды іс-шара болатынына сенім мол. Бұл жергілікті мәдениет саласы мен спорттық бидің дамуына оң әсер етпек, – дейді ұйымдастырушылар.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

© 2018 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.
Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в вашем браузере должен быть включен Javascript.

 

ZERO.kz

Яндекс.Метрика