Мемлекеттік қызмет-абыройлы міндет

Аудандық кітапханада «Мемлекеттік қызмет - мәртебелі міндет» атты дөңгелек үстел өтіп, оған мемлекеттік қызмет саласының майталмандары шақырылды.

Атап айтсақ, мемлекеттік қызмет саласының ардагері Ұ.Төлегенов, Ш.Құсманов, Г.Керешева, аудан әкімінің аппарат басшысы Н.Қалиев, аудан әкімі аппаратының персоналды кадр бөлімі басшысы Б.Сапиева, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Г.Бекбаева қатысып, өз ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.

b

Дөңгелек үстелді Махамбет ОКЖ басшысы Ш.Измағамбетова ашып, мемлекеттік қызметтің қоғамда алатын орны зор екенін айтып, қатысушыларды төл мерекемен құттықтады. Мемлекеттік қызметтің ардагері Ұ.Төлегенов кітапхананың байырғы оқырманы ретінде ой-пікірін білдіріп, мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекемен құттықтап, толайым табыстар тіледі. Кітапхана оқырманы Ш.Құсманов та өзінің мемлекеттік қызметте айрықша орны барын, еңбек өтілінің 45 жылының отыз жылын Сарытоғай ауылдық округі әкімінің орынбасары, маман, бас маман, бөлім басшысы қызметтерін атқарғанын, 2005 жылы «Үздік мемлекеттік қызметші» атанғанын, облыс әкімінің «Алғыс хатына», аудандық мәслихатының «Құрмет грамотасына» ие болғанын тілге тиек етті. Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінде бас есепші қызметінде 30 жылдан астам қызмет жасаған Г.Керешева мемлекет қаржысын толық игеру жолында аянбай еңбек еткенін баяндады. Аудан әкімінің аппарат басшысы Н.Қалиев еңбек жолын бас мамандықтан бастап, аппарат басшысы лауазымында жұмыс істегеніне 15 жылдай болғанын жеткізіп, мемлекеттік қызметтің абыройлы міндет екенін, әр қызметкерден үлкен жауапкершілік талап етілетінін айтты.

b

Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Г.Бекбаева мемлекеттік қызметке 2008 жылы келгенін, алғашында жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде сегіз жылдай жетекші, бас маман лауазымдарын абыроймен атқарғанын, 2016 жылдан бастап аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінде бас маман болып, қызмет етіп жатқанын жеткізді. Аудан әкімі аппаратының персоналды кадр бөлімінің басшысы Б.Сапиева Л.И.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін бітіріп, туған ауылына оралғанын, еңбек жолын Махамбетте, Бақсай ауылдық округінде бас маман болып, бастағанын, осы жылдан бері аудандық әкімдікте персоналды кадр бөлімінің басшысы қызметіне орналасқанын жеткізіп, жастарға алға қойған арман-мақсатын іске асыруға талпынуды, ұялы байланысты емес, ой-өрісті кеңейтетін кітапты көп оқуға шақырды.

Сондай-ақ кітапхананың белсенді оқырмандары Алматы қаласындағы С.Демерел атындағы университетінің 2 курс студенті А.Бағытжанова, Е.Ағелеуов атындағы орта мектептің түлегі А.Қуаныш та ой-орамдарын қосты. Кітапханашы Г.Әлібекқызы оқырмандарды «Мемлекеттік қызмет-мемлекеттік басқару» атты кітап көрмесімен таныстырды. Қатысқан меймандарына алғыс айтып, оларға сый-сияпаттар ұсынып, дөңгелек үстел қорытындыланды.

К.Суханғалиева, аудандық орталық

кітапхананың әдістемелік-библиоргафиялық

бөлім меңгерушісі

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

© 2018 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.
Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в вашем браузере должен быть включен Javascript.

 

ZERO.kz

Яндекс.Метрика