Қазақтың «Қыз Жібегі»-Махамбетте

Мереке қарсаңында ҚР Еңбек сіңірген әртісі, қазақ халқының мақтанышы, жарыққа шыққанына 50 жыл болған «Қыз Жібек» киносында Қыз Жібектің басты рөлін сомдаған Меруерт Қаратайқызы Өтекешова бір топ жастармен бірге Махамбетке келген екен.

Одан әрі жастар жылына байланысты Махамбетке ат басын тіреген Алматы Қазақ Ұлттық өнер университетінің драма театры және кино актері мамандығының студенттері «Сол бір кез» сахналық қойылымын қойды.

z

z

z

z

Аудан әкімінің орынбасары С.Ертілеуқызы қазақтың «Қыз Жібегі» М.Өтекешоваға, аудан сахнасында өнер көрсеткен алматылық студент жастарға ризашылығын білдіріп, тамаша қойылым көргендерін, Меруерт апайды талай кинодан көріп, тәнті болғандарын, рухани азық алғандарын, Меруерт апайдың актерлік шеберлігіне ие болыңыздар деген игі тілегін арнады.

z

Ол ҚР Еңбек сіңірген әртісі, профессор, театр және кино актрисасы, қазақтың Қыз Жібегі Меруерт Қаратайқызына құрмет көрсетіп, алқызыл гүл шоқтарын ұсынып, аудан әкімі атынан «Алғыс хатпен» марапаттап, қазақи дәстүрмен зерлі камзол кигізді. Өнер көрсеткен Қазақ Ұлттық өнер университетінің студенттерін де аудан әкімінің «Алғыс хатымен» марапаттады.

Өз кезегінде қазақтың жарық жұлдызындай өнер саңлағы М.Өтекешова да мемлекеттік қызметшілерді мерекемен құттықтап, толайым табыстар тіледі. Ол шәкірттерінің қойылымы үлкен тарту болғанын, мұның жастар жылына арналғанын, бұл жерге келмес бұрын Оралға соғып, оның Қазталов, Жаңақала аудандарын аралағанын, көршілес Индер ауданында да болғандарын меңзеді.

Меруерт апай осы жылы экранда жан жары-Құман туралы деректі фильм түсіргендерін, Махамбетке бұрын «Қыз Жібектің» 50 жылдығында Құманмен бірге келгенін еске алып, енді студент жастармен бірге келіп отырғанын айтып, ел-жұртқа сәлем салып, ризашылығын білдірді.

А.Қуанышқалиева

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521