Маржан ақын Махамбетте

Ақын, филология ғылымдарының кандидаты, ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының қызметкері Маржан Ершу Махамбет аудандық орталық кітапханаға келіп оқырман қауыммен кездесті.

Әдебиет әлеміне Айек атымен енген Маржан Аманқосқызы: «Ой ойға жетелейді, терең ой тереңіне тартады. Расул Гамзатовтың «кітабымды бір-ақ адам оқыса» дегені маған бір ақ адам-бір халық, деген тілектей әсер етеді. Өйткені, халқын сүйген қаламгер кітабын бір халықтың тілінде яғни,өз халқының тілінде жазады ғой көбіне... Халықтың қуаты да ықыласы да – тілінде. Ұлы Абай атамыз: «Толғауы тоқсан қызыл тіл Сөйлейін десең өзің біл», - деп қызыл тілдің қасиетін білгенге темірқазық етеді. Ата-бабамыздан қалған «Сөз қадірін білмеген өз қадірін білмейді» деген аталы сөз де сөздің ұлылығын дәріптегендей. Сөз құдіреті деген осы екен. Бұдан кейін қолға қалам ұстаудың қиындығын сезіну-бір бақыт - деп ары қарай «Ертегі терапиясы» деген болашақта баспаға басылып шығатын кітабының мазмұны туралы өте әсерлі әңгімелеп берді.

Сондай-ақ, Д.Төленов атындағы мектеп гимназияның ұстаздары Мүкарима Қайырова мен Лиза Қайырова сөз алып ақынға шалқар шабыт, шығармашылық табыс тіледі. Жас оқырмандарымыз Аманқос Ершудың «Дүлдүл»атты кітабынан өлеңдерін оқыды.

Кітапханамызда «Бір ел-бір кітап» акциясына орай жасақталған «Халқы ұлықтаған ұлы тұлғалар» және ақын Маржан Ершуға арналған «Жыр – менің жалғыз тарланым, жанымда жырмен жалғадым» атты кітап көрмелерімен кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы Жанар Төлешова таныстырды. Маржан поэзиясын оқи отырып, Ақ Жайық өңірін мекендеген халықтың жалынды жігерін, өршіл рухын көргендей болдық.

Күнсая СУХАНҒАЛИЕВА,

Махамбет ОКЖ әдістеме - библиографиялық бөлімнің меңгерушісі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521