Бас жүлде - Махамбетте

Құрманғазы атындағы мәдениет сарайында мемлекеттік қызметшілер арасында өткен "Мемлекеттік тіл - мемлекеттік қызметте" атты облыстық байқауға ауданымыздан қатысқан «Жұмыр қылыш» командасы бас жүлдеге ие болды.

Байқау тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру бағытында, тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен өткізілді. Негізгі мақсаты - мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту және дамыту, ана тіліміздің мәртебесін арттыру, мемлекеттік қызметшілерді ынталандыру. Сайысқа барлығы 30-ға жуық мемлекеттік қызметші қатысты. Қатысушылар үш кезең бойынша сынға түсті. Алғашқы айналымда өздерін таныстырса, екінші айналымда диалог құру арқылы көріністер қойды. Ал, соңғы кезеңде ақын-жазушылардың шығармаларынан үзінді оқыды. Тынымсыз еңбек пен үздіксіз дайындықтың арқасында қарсыластарынан оза шауып, бас жүлдемен оралған "Жұмыр қылыш" командасы ауданның атағын аспандатты.

Б.Сүйеуова.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521


Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

© 2023 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

Әлеуметтік желілеріміз