Ақтоғайда мәдениет үйі ашылды

Ақтоғай ауылдық округінде 200 орындық мәдениет үйі пайдалануға берілді.

Аудан әкімінің орынбасары Света Ертілеуқызы ақтоғайлықтарды құттықтап, ардагерлер кеңесінің төрағасы Толыбай Базарбаевпен бірге жаңа нысанның лентасын қиды. Ауыл ақсақалы Тілеген Аманшалов жаңа мектеп мен балабақшаның халық игілігіне берілгеніне, енді талантты жастардың өнерлерін шыңдауына септігін тигізетін мәдениет үйінің ашылғанына шексіз риза екенін білдірді. Сондай-ақ, тұрғындар атынан нысанның құрылысын мерзімінен бұрын аяқтаған «Грандмастер» ЖШС-не алғысын жеткізді.

«Грандмастер» ЖШС өкілі Қуаныш Бимағамбетовтің айтуынша, серіктестік Махамбет ауданы бойынша бірнеше нысанның құрылысын жүргізіп жатқан көрінеді. Мәдениет үйінің құрылысына қаржы Атырау облыстық құрылыс басқармасынан бөлінген.

Б.Сүйеуова.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521


Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

© 2023 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

Әлеуметтік желілеріміз