Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен барлық оқу орындарында тоқсан сайын «Адалдық сағаты» республикалық акциясы өткізілуде, деп хабарлайды Елорда Инфо.
Жастардың бойында адалдықты, парасаттылықты сіңіру мақсатында бүгін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен кезекті «Адалдық сағаты» облысымыздың барлық оқу орындарында қашықтан оқытуға көшуге байланысты онлайн форматта ұйымдастырылды.
Биылғы жылы Абайдың 175-жылдығына орай онлайн дәрістің тақырыбы – «Адалдықты мұра еткен Ұлы Абай». Дәріс – жас ұрпақты әділ, әрі парасатты болуға шақырған ұлы ойшылға арналды.
Аталған акция Атырау қаласының барлық 192 мектебін, 25 колледж, 3 ЖОО қамтыды.
Бейне-дәрістен кейін қалдырған пікірлердің санында шек жоқ. Қоғамда парасаттылық идеологиясын насихаттау мақсатында жүйелі жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын табады. Абай есімі – қазақ халқының ұлттық санасының оянуы мен рухани қайта жаңғыруының, қоғамның озық күштерінің өркениеттілікке ұмтылысы мен әлеуметтік әділдіктің символы, - дейді мектеп оқушылары.
Біз ұлттық сананы жаңғыртамыз және бәсекеге қабілетті ұлт қалыптастырамыз десек, Абайдың шығармаларын мұқият оқуымыз керек. Оның қоғамдағы түрлі үдерістерге қатысты көзқарасы бүгінгі Қазақстан үшін аса пайдалы. Өз заманының ғана емес, қазіргі қоғамның да бейнесін танытқан Абай – елдік мұраттың айнымас темірқазығы деп Қ.Тоқаев та өз пікірін білдірді.