Қасиетті Рамазан айының аяқталуына да санаулы күндер қалғанын естеріңізге сала отырып, жергілікті ақын ағамыз Амангелді Есенғалиевтің мына бір өлең жолдарын жариялауды жөн санадық.
Алламыз артық нәрсе сұрамаған
Бисмиллаһ, сөз басы қорғанышым,
Құран сөзі қағида ар-намысым.
Сансыз мадақ айтамын Аллаһ саған,
Аман-есен отырған таңдар үшін.
Дүние жұмбағы мен сұрағы көп,
Тағдырдың басқа салар сынағы көп.
Медет сұрап қиналса күбірлейді,
«Қолдай гөр!
О, Тәңірім Раббым» деп
Хадистен қуат алып жарқын арай,
Сенімді аяттармен талпынам-ай.
«Алланың сөзі де рас, өзі де рас»- Деп еді,
ұлы ойшыл, ақын Абай.
Көздемей теріс амал, табыс пайда,
Өмір сүр қатарыңнан қалыспай да.
Алланың осы сөзін құрмет тұтып,
Құранды мойындаған Толстой да.
Тоғысқан тілектері бір арнаға,
Жан берген, тасты тескен шынарға да.
Ұйықтамай, қалғымайтын, шаршамайтын,
Бар мадақ жарасады бір Аллаға.
Харам іс, теріс пиғыл ұнамаған,
Сыйлатқан туғандарды бір анадан.
Өтеген бес парызын пендесінен,
Алламыз артық нәрсе сұрамаған.
Теңеуін таппай, асыл-әділ хақтың,
Жыр арнап, өлеңменен дабыл қақтым.
Сайраған өз тілінде, ұлтым – қазақ,
Лә иләһә иллә Алла пендесімін, Расулаһтың.
Сәулесін Құбыладан ұшырған мың,
Мүскінге көмек-қолын ұсынғанмын.
Жер бетіне тілейтін бейбіт өмір,
Мұхаммедтің үмбеті – мұсылманмын.
Балаймын туған жерді тұғырыма,
Теңедім Ана тілді қыдырыма.
Құран ұстап ант берген сәттерімде,
Темірқазық – Құбылам ғұмырыма.
Дін Ислам - қастерлесең қасиетің,
Тәрік етсең, жазылмайтын қасіретің.
Адалдықтың жолымен жүре білсең,
Алланың орындайсың өсиетін