Көк бөріміз біз, арландармыз біз, абадан болып алысқан

Жергілікті ақын Мұрат Мыңбайұлы 1990 жылы Атырау облысы, Махамбет ауданы, Сарытоғай ауылында дүниеге келген. Бірқатар көркемсөз байқауларының, жыр мүшәйраларының жеңімпазы. Атап айтқанда, қараөлеңде алдына дес бермеген жерлес ақынымыздың жыр шумақтарын аудан айнасына жариялап тұруды жөн санадық. - "Жас жазушы", номинациясының иегері - "Ақназкен Мұхашова" атындағы сыйлықтың иегері - "Алдаспан ақын, ақберен батыр Махамбет Өтемісұлы атындағы ІV "Атадан туған - аруақты ер", атты жыр мүшәйрасының бас жүлдегері - "Мен өмірді жырлау үшін келгенмін" атты жыр кітабының авторы.

Абай атамызға арнау

Елім деген еміренген, қазақ деп қайғы жұтқан.

Абай деп үн қатады, табиғат тау мен аспан.

Сөзінде тектілік бар, Алашты сүйген шексіз.

Қазаққа шын жанашыр жырлары дәлел сөзсіз.

Еліңді сүю деген мінезден жаратылған.

Қазақтың бас ақыны анадан дара туған.

Өзінше сөз саптаған өзгеге ұқсамайтын.

Шыңғыстау тауларында Абайдың үні айқын.

Ойлы сөз керек десең, Абайға үңілгейсің.

Әр сөзі ғибратты ой, түрлі ой түгендейсің.

Абайды шын түсінсең, данышпан пікірлерін.

Шылбырды мығым ұстап, атыңды тізгіндейсің.

Көзіңе жаста келер, қилы жыр ой салады.

Жүректі тазалаушы, жас еді бір амалы.

Өртеніп өзегің бір, кей кезде ызаланып.

Арамза адамдарға, шығады ыза анық.

Біреуге мылтық бердім, ол мерген болды мені атты.

Күшікті асырадым, ит болды мені қапты.

Бұл сөздер Ұлы Абайдан шыққанда сол кезеңде.

Сатқындық қай кезде де, болғаны айдан анық.

Достықты білгің келсе, ақыннан үйренгейсің.

Жақсы мен жамандықты саралап түгендейсің.

Сөз ұқпас әр қазақтан күнде мен жеңілем деп.

Ақынның өзі айтқан сол сөзді жүгендейсің.

Жаманға сөзіңіз зая, бос өтер секунтыңда.

Қарағым, қадірін біл, бұл өмір минутында.

Жамандық жолда қалар, ілеспес шаңыңа жай.

Адамдық жетелейді, пендені алға қарай.

Махаббат Абайда бар, шын сүйген, сұлу құшып.

Тектілік мінезімен, бір суып, бірде ысып.

Шын сүйсең егерде сен сезімге адал болғын.

Махаббат деген сезім, қадірлі асыл ұғым.

Жақсылық жасай білгін, ықылас, мейіріммен.

Тамшыдан құралған ғой, шағын көл, теңіз терең.

Ата-ана қадірін біл, тіріде ағайындар.

Сенде қартаясың, жүзіңнен әрің таяр.

Өмірің алма кезек, боқ емес боқтың қабы,

Боқтан сасық боласың, өлсең тағы.

Абай ақын айтқандай, фәни жалған.

"Шүкір де" атса егер АЛЛА таңы.

Қазақты тілсіз көру мүмкін емес.

Тілсіз адам мақұлық, сағым елес.

Ана тілді қадірле, ағайындар!

Абайдың тілі ол тіл саған кеңес.

Қазақты Абайменен біріктірдім,

Абайдың өлеңдері тұнық бір түн.

Қазақ барда Абайың тірі болар,

Ұлы Дала Абаймен егіз ұғым.

Қайтесің мазалап...

Ауыр мұң күз күні

Тербелген жанымда жыр еді,

Сүйем деп айтпа сен,

Жараны қайтесің тырналап жазылған.

Көңілім қаяу мұң, күз күнім мұңаяр көп менің,

Күш шығар, жайдары жазымнан.

Қайтесің мазалап?

Онсызда білесің жауапты,

Қалаппең сенде бір мазақты айтшы сен?!

Өзгеден бақытты табам деп бет бұрдың,

Сен менің сырымды ұққанда,

Жүректі жаралап кеткенмен

Сезімнің ауылы көшіпті жыраққа.

Тағы да айтайын, сертімнен қайтпайын.

Мен күлмей азапқа малтыққан күндерім қаншама,

Сен мені алыста ойлап беу,

Жастықты толтырып жатсың ба,жасыңа?

Бірақ та мені ойлап шаршама,

Келет деп аңсама,бұның құр.

Ойыңды ақылға жүгіндір,бәрі де алдамшы,

Махаббат деген беу сезімге сенбеймін

Үшбулы хатыңды жазбашы жалынам,

Сүйемін деген сөз көгімде қалықтап,

Астында аяқтың тапталды.

Көп болды, жыр сауыт кимедім денеме

Көп болды, жыр сауыт кимедім денеме,

Қорамсақ нық толып жатқандай ой деген жебеге.

Шабытым қырандай, көгімде қалықтап,

Жүректен шашылған сәулелер,

Уық боп, көтеріп жатқандай кереге.

Көктемгі бұл күндер, өткенді есіме салады,

Өмірде бәрі де алдамшы,

Торғай боп көрінген бақытың,

Жылан боп өзіңді шағады.

Алдамшы өмірде, әр адам актер ғой,

Алмасқан рөлдерін өзінше ойнайды.

«Театр» -деген бір мызғыған кемеде.

Ақ пенен қаралар батыр мен даналар,

Иықпен иықтар тіресіп,

Кемені кезекпен бір есіп жүруде.

Жүзіне жымиып бір қарап,

Жай ғана тілдесіп, Өзінше істерді бірлесіп.

Тәубеге келіңдер, Раббыға бас имес пенделер,

Сұранам Аллахқа сеніңдер.

Бәріміз мына әлем төсінде қонақпыз, К

үндердің күнінде ана әлем,

Төріне ат басын бұрмақпыз.

Бәріміз шешілмес жұмбақпыз.

Жауапты бір Алла алады. Жұмаққа кіреміз немесе тозақта жанбақпыз, Мына өмір өткінші ана әлем есігін бәріміз, Кезекпен қағуға тұрғанбыз.

Көк бөріміз біз, арландармыз біз, абадан болып алысқан

Көк бөріміз біз арландармыз біз, абадан болып алысқан.

Жүйрігін салса, аламан топқа, ашы тер төгіп жарысқан.

Кеңпейілміз біз, қонақ келсе, төр беріп.

Табиғатпенен сырласып, әркез сезетін бәрін алыстан.

Себебі, қазақ ежелден асыл қаны бір таза тарауы.

Қазақияның тек биікте желбіреу керек жалауы.

Алауыздықты ту қылмаңдар, білмеске еріп бауырлар.

Бірлігіміздің жалындап тұрсын, әрқашан асыл алауы.

Әр қазақ менің бауырым, досым, өзім дегенге асылмын.

Дос болса, дос боп, құшақты ашып, жақсылығын тек асырдым.

Дұшпандарыма, еліме, жерге көз салған.

Махамбет бабам қылышының ойнатам асау жарқылын.

Біз деген асыл, көк бөріден тараған қайсар ұрпақпыз.

Бабалар салған сара жолды жүрейік әркез жалғап біз.

Ұлтарақтай жер менен елдің қадірін біл, бауырлар!

Қазақияның бұл жеріне біз сақшы боп қалмақпыз.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT