Ұлттық құндылықтар насихатталды

Бақсай ауылдық округі «Бақсай» мәдениет үйінде аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, «Өнерпаз» мәдениет үйі әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен мәдениет қызметкерлері арасында «Қазақ халқының ұлттық құндылықтарын мәдени шаралар арқылы насихаттау» тақырыбындағы аудандық семинар-кеңес өткізілді.

Семинарды ашқан аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Нұрғали Латифұлы семинар-кеңестің мақсаты – ауыл-аймақтардағы мәдени, рухани өмірді жандандыру, өскелең ұрпаққа рухани тәрбие беру, іс-тәжірибе алмасу, алдыңғы қатарлы технологияларды, инновацияны батыл игеру, кәсіби қарым-қатынастың көкжиегін кеңейту екенін айтты. Бақсай мәдениет үйінің басшысы Қ.Қазымбекұлы атқарған жұмыстарымен таныстырып өтті. «Самал» мәдениет үйінің басшысы – Г.Бисенғалиева, Алға мәдениет үйінің басшысы – І.Боранбай, Сарытоғай мәдениет үйінің басшысы – Р.Жұмабаев, Сарайшық мәдениет үйінің басшысы – А.Тапахова, Есбол клубының басшысы – Е.Қамашев, «Шалқыма» мәдениет үйінің басшысы – Қ.Жұмашевтар «Қазақ халқының ұлттық құндылықтарын мәдени шаралар арқылы насихаттау» тақырыбындағы жобаны мультимедия арқылы дайындап таныстырды.

Семинардың үшінші бөлімін «Өнерпаз» мәдениет үйінің мәдени ұйымдастырушысы Д.Ғасырбек «Көңіл-күй» тренингін өткізу арқылы жалғастырып, өзінің ұйымдастырушылық қабілетінің жоғары екендігін көрсете білді. Одан әрі Бақсай мәдениет үйінің қызметкерлері ұйымдастырған «Дәстүрлі қазақ өнері» көрінісіне кезек берілді. Н.Жұмағалиев жетекшілік ететін Қ.Ахмедияров атындағы домбыра сыныбы оқушылары мен орта буын, аға буын ауыл өнерпаздары да дәстүрлі ән өнерінен шашу шашты.

Семинар-кеңесті аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Н.Латифұлы қорытындылады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521


Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

© 2023 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

Әлеуметтік желілеріміз