Құрманғазы ауданында «Ауыл FEST» маусымы басталды

Құрманғазыда енді сенбі сайын мәдени мекеме ұжымдарының қатысуымен «АуылFEST» концерті өтіп тұратын болады.

Мұндай дәстүрлі іс-шараны аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі ұйымдастырып отыр.

Алғашқы концерттер легін С.Көшекбаев атындағы мәдениет үйі өнерпаздары бастады. Онда патриоттық бағыттағы әндер мен жергілікті ақын-сазгерлердің туындылары орындалды. Өнерпаздар аспаптық-вокалдық топтың сүйемелдеуімен әлемдік хиттерді де нақышына келтіре шырқады. Өз кезегінде көрермендер ауылдастарының өнертіне тәнті болды.

Аталған мәдениет үйінің директоры Жалғас Сағындықовтың айтуынша, бұл іс-шара жиырма жылдан бері өткізіліп келеді екен.

«Негізгі мақсат – ауыл тұрғындарының уақытын тиімді өткізу. Бүгінгі жоба 31 тамызға дейін жалғасады. Әр сенбі сайын ауданға қарасты округтертің 21 мәдениет үйі екі-үшеуден бірігіп, өнер көрсететін болады» дейді ол.

Ә.АМАНГЕЛДІ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521