Кітап оқудан жалықпайық!

Таяуда аудандық балалар кітапханасының «Коворкинг» орталығында «Демалыс бізде, кітаппен бірге!» шолуымен қатар «Балалар әдебиетінің алыптары» әңгіме сағаты ұйымдастырылды.

Шараға Е.Ағелеуов атындағы Махамбет орта мектебінің 3 сынып оқушылары қатысты. Кітапханашы Гүлнара Есқалиева мультимедиа арқылы «Балдырған», «Айгөлек», «Балапан бағы», «Мөлдір бұлақ», «Балабек», «Балалар әлемі», «Ерке бала», «Балақан», «Жыл он екі ай», «Бала би», «Ертегілер әлемінде» журналдарына шолу жасады.

Балалар эрудит-жұмбақтар, сөзжұмбақтар шешіп, есептер шығарды. Одан әрі суретті жұмбаққа құрылған Е.Елубаевтың «Ұшақтан жылдам бұлттар» өлеңінен суреттерін тауып, бірге оқуға көшті. «Тышқанның жолын тауып, «Ғарыш» сөзжұмбағын, ребустар шешуге кірісті. Ал «11 айырмашылығы бар есепке кім жүйрік?» ойынында зеректігін байқатты.

Балалар әдебиетінің алыптарын да тауып, алғыр, зерек, зейінді екендіктерін аңғартты.

А.Текебай

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521