Димаш Ресейдің «Виктория» сыйлығында екі номинацияны жеңіп алды

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген ресейлік "Виктория" музыка жүлдесінде екі номинация бойынша жеңіске жетті.

Жеңімпаздардың есімі 5 желтоқсанда Мәскеуде Кремль сарайындағы салтанатты шарада айтылды.

Димаш "Жыл ашылуы" номинациясында жеңімпаз атанды. Сонымен қатар, Құдайберген Olimpico әнімен "Классикалық музыкада жыл вокалисі" номинациясында үздік болды. Бұл номинацияда Димаш ресейлік әншілер Ильдар Абдразаков, Аида Гарифуллина, Хибла Герцмава, Анна Нетребко мен Ольга Перетятконы артта қалдырды.

"Виктория" - Ресейде жылдың үздігін кәсіпқойлар - музыканттар, орындаушылар, композиторлар, ақындар, продюсерлер, музыка сыншылары, журналистер таңдайтын алғашқы және жалғыз жүлде.

Дереккөз: tengrinews.kz

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521