Атырау қаласында 21-22 ақпан аралығында Н.Тілендиев атындағы кіші өнер академиясы базасында жалпы білім беретін мектеп,колледж оқушылары арасында Ұлы Жеңістің 75 жылдығына арналған «Менің елім» атты облыстық әскери-патриоттық ән фестивалі өтті.
Мақсаты - оқушылардың Отанға деген сүйіспеншілігін, патриоттық сезімін қалыптастыру, өз Отаннын қорғау үшін азаматтық парызын және конституциялық міндетін орындауға жауапкершілікке тәрбиелеу.
Фестивальға ауданымыздан З.Ещанова атындағы аудандық балалар өнер мектебінің вокал сыныбының және Қ.Қалыбеков атындағы Сарытоғай орта мектебінің 8 сынып оқушысы Қазез Гүлімай А.Новиковтың «Эх дороги» әнін орындап,оқ бойы озық шығып, І орын жүлдесін жеңіп алды.
Вокалдық жетекшісі Шакимова Бибінұр.
Кенже САПАР