Елімізде қазақтың белгілі ақыны, сазгер, филоссоф, саясаткер, ағартушы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығын тойлауға арналған шаралар жалғасуда.
Осыған орай аудандық орталық кітапханада «Өлмейтұғын артына сөз қалдырған» атты әдеби кеш өтті. Өнерпаз П.Жазылбекқызының «Өзгеге көңілім тоярсың» әні жұртшылыққа көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Мұнан әрі кеш Абайға арналған өлеңдерге ойысты.
М.Жұмабаевтың «Шын хакім сөзің асыл, баға жетпес» өлеңін А.Қуаныш оқыса, Н.Бағытжанова «Ақынға арнау», С.Дөнентаевтың «Абайға» өлеңін Н.Наурызова мәнерлеп оқыды. Сонымен қатар О.Асқардың «Дара дарын» өлеңін Н.Табылды, Ш.Төлегенова «Абайға арнау» өлеңдерін оқыды.
Келесі бөлімде бір топ жастар ақынның өз өлеңдерін мәнерлеп оқуға көшті. Ақын Абайдың өмірінен шағын көрініс көрсетіліп, Н.Баяхмет «Көзімнің қарасы», Г.Меңдігереева «Желсіз түнде жарық ай» әніндерін тамылжыта шырқады.
Әдеби кешті аудандық орталық кітапхана директоры Ш.Орынбайқызы қорытындылап, Е.Ағелеуов, О.Шонаев, Д.Төленов мектеп-гимназиясы, «Өнерпаз» мәдениет үйі ұжымдарына, Ә.Тәжбентай, А.Сирашев, Б.Маратұлына «Алғыс хат» тапсырды.
А.Қуанышқалиева