Өзге ұлт өкілдерімен кездесу кеші

Махамбет аудандық кітапханасында "Осы жерде тамыр жайдық біз" атты «Алғыс айту» күніне орай өзге ұлт өкілдерімен кездесу кеші өтті.

Ауданның экономикалық-әлеуметтік дамуына өзіндік үлесін қоса білген, қазіргі күні бейнетінің зейнетін көріп отырған Дюсупова Антонида Васильевна, Федоренко Владимир Петрович, Юдина Надя, Ли Роза Владимировна, Стамов Владимир Дмитриевичтер қонақ ретінде шақырылып, әсерлі әңгімелерімен бөлісті.

kitap2802202

Өнерпаздар да өз кезегінде қонақтарға ән-шашуын арнады. Перизат Жазылбекқызы халық әні "Екі жиренді", Ғизат Есенғожин "Ерке сылқымды" нақышына келтіре орындаса, Нұргүл Жалмұханова "Одна калина" әнімен көрермен қошеметіне бөленді.

k

kitap2802204

k3tap2802205

Еліміздегі мерекелер қатарының Алғыс айту күнімен толығуы игілікті іс болды. Бұл күннің астарында қазақ халқының, бауырмалдығы мен мейірімділігіне ризашылық білдіру жатыр.

Қазбек АЙТҚАЛИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521