«Бикен Римова атындағы» номинация – «Бақсайда»

Фото: zh-shugylasy.kz

Мәдениет және өнер саласының ұйымдары мен қызметкерлері ара­сында жыл сайынғы «Рухани қазына – 2023» республикалық фестивалінің жеңімпаздарын салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің ұйымдастыруымен өткізілген фестивальда бақ сынаған Бақсай ауылдық мәдениет үйі «Бикен Римованың 100 жылдығы құрметіне орай (мәдени-демалыс ұйымдары арасында)» номинациясы бойынша жеңімпаз атанды.

«Рухани қазына – 2023» республикалық фестивалі аясында Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасында мәдениет саласы маман­дарына шеберлік сағаты өткізілді. Аталған шеберлік сағатында мәдени шараларды ұйымдастыру, сонымен қатар, әлеуметтік желілерде дұрыс жұмыс жүргізу мето­дикалары бойынша ақпараттар беріліп, іс жүзінде тәжірибелер көрсетілді. Сондай-ақ, шеберлік сағаттары ҚР Ұлттық музейінде де өткізілді. Шеберлік сағаттың алғашқы бөлімінде Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің төрағасы Күміс Сейітова мәдениет және өнер саласындағы нормативтік- құқықтық актілер турасында толық ақпарат беріп, мәдениет қызметкерлері өзекті сауалдарын қойып, жауаптар алды. Екінші бөлімде қатысушылар Қазақстан Республикасының ұлттық музейіне экс­курсия жасады.

Бақсай ауылдық мәдениет үйінің ди­ректоры Жадыра Қуанышқалиқызы мен көркемдік жетекші Өмірбек Нәжімеденов еліміздің мәдени демалыс ұйымдарынан келіп түскен 70 өтінімнің арасынан үздік шықты.

– Фестивальдің облыстық іріктеу кезеңінде «Үздік ауылдық мәдениет үйі» номинациясын жеңіп алып, республикалық кезеңге жолдама алған болатынбыз. Мәдениетімізді асқақтату, осы саланың мамандарының мерейін үстем ету мақсатындағы «Рухани қазына» фестивалі – ұлттық мұралар ұлықталатын алаң. Осы фестивальге дайындық бары­сында қолдау білдірген ұжымдастар, до­стар, отбасыма және жергілікті атқарушы орган өкілдеріне ризашылығымды білдіремін. Еліміздің даңқын асырып жүрген таланттардың көбі ауылдан шықты. Ауылдың өнері өркен жайса, қазақтың мәдениеті қанатын кең жа­яды,- дейді мәдениет үйінің басшысы Ж.Қуанышқалиқызы.

Қ.АЙТҚАЛИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT