Батыр баба Махамбет Өтемісұлының 220 жылдығы және ауданның 95 жылдығына орай аудандық жас ән орындаушылар арасындағы «Жас қанат – 2023» байқауы өтті. Байқаудың мақсаты – эстрадалық әндерді қазіргі өңдеуде орындайтын талантты орындаушыларды көпшілікке таныту.
Жалғансай ауылдық «Шалқыма» мәдениет үйінде өткен байқауға 18 бен 25 жас аралығындағы 9 өнерпаз қатысып, бақ сынасты. Қатысушылар өнерін мәдениет саласында еңбек етіп жүрген сала мамандары саралап, әділ бағасын берді.
Байқау қорытындысымен Бас жүлдені Талдыкөл ауылының қатысушысы Қанағат Өтепқалиева жеңіп алды. Махамбеттік Амандық Исатай мен бейбарыстық Әділбек Смағұлов екінші орынды иеленсе, сарытоғайлық Айнұр Ерекешова мен сарайшықтық Бекзат Мұқат үшінші орынды өзара бөлісті. Өзге қатысушыларға алғыс хат табысталды.
Қ.АЙТҚАЛИЕВ