Автоматтандыру кітапхана қызметінде

Махамбет аудандық орталық кітапханасында кітапхана қызметін автоматтандыру мақсатында 2007 жылдан бері «Рабис» бағдарламасы енгізіліп, мамандар өз жұмыстарында атқаруда.

«Рабис» бағдарламасына кітапхана қорындағы әдебиеттер туралы мәліметтер жазбалары және кітапхана алдыратын мерзімді басылымдарға енген мақалалар жөнінде мәліметтер жазбалары жүктеледі. Осы мақсатта кітапхана қызметін автоматтандыру негізінде Махамбет аудандық орталық кітапханасында «Автоматтандырылған кітапхана ақпараттық жүйесі» тақырыбында кітапхана мамандарына арналған, семинар – сабақ өткізілді. Семинар-сабақты Махамбет ОКЖ әдістеме-библиографиялық бөлімі меңгерушісі Күнсая Құрық- байқызы жүргізіп отырды. Алғашқы сөз кезегін алған Махамбет ОКЖ басшысы Шынар Измағамбетова «Кітапхана – қоғамның көпфункционалды, көп деңгейлі әлеуметтік мәдени институты» атты бүкілодақтық кітапханашылар съезі алға қойған міндеттерге тоқталды. Кітапхана әдіскері Баршагүл Мейрамова «Рабис» бағдарламасы жөнінде слайд арқылы хабарлама жасаса, кітап қорын толықтыру бөлімінің меңгерушісі Құралай Тайшұнақова «Рабис» бағдарламасының электронды каталогіне кітапты енгізу жолдары жөнінде слайд арқылы баяндап берді.

Кітапхана библиографы Сәуле Шунгарина «Рабис» бағдарламасының электронды каталогіне мерзімді басылымдарға енген мақалалар мәліметі жазбаларын құю жолдарын слайд арқылы түсіндіріп, «Кітапханадағы библиографиялық қызметті ұйымдастырудың дәстүрлі жаңа әдістері» атты слайд – шолу жүргізіп, «WEB- Рабис» бағдарламасы болашақта кітапхана қызметіне енгізі- летіні жөнінде баяндама жасады. «Рабис» бағдарламасынан кітаптың жазбаларын іздеу жолдарымен Нұргүл Медетова таныстырды. Қатысушылар сабақ жүргізушілерге көптеген көкейлерінде жүрген сауалдар қойды. Семинарда кітапханашылар арасында «Рабис» бағдарламасы жөнінде практикалық жұмыстар жүр- гізілді. Мекеме басшысы Шынар Орынбайқызы бүгінгі семинар-сабақта дәріс беріп,белсенділік танытқан бір топ кітапханашыларға сертификат тапсырып,жұмыстарына сәттілік тіледі. Соңында кітапхана библиографы Сәуле Шунгаринаға және кітап қорын толықтыру бөлімінің меңгерушісі Құралай Тайшұнақоваға сертификаттар табысталып, Нұргүл Медетова мен Баршагүл Мейрамова алғыс хаттармен марапатталып, кітапханашыларға библиографиялық әдістемелік құралдар таратылды.

С.ШУНГАРИНА,

Махамбет ОКЖ библиографы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521