Ауданда алғаш рет еріктілер жасағы құрылды

Ауданда алғаш рет «Qulabyz» еріктілер жасағы құрылып, «Бәріміз біргеміз» атты ресми түрде ашылу салтанаты өтті.

Биылғы жастар жылында ауданда «Жарқын болашақ» жастар қоғамдық бірлестігі құрылып, бірлестіктің жоспарлы жобаларының бірі әрі бірегейі ретінде «Qulabyz» еріктілер жасағы жұмысын бастады. Халқымыз «Қалың қаз құлабызсыз болмас» деген. Осыдан-ақ «Qulabyz» сөзінің көшбасшысы, жолкөрсетуші деген мағына білдіретінін ұғуға болады. Ауданның ерікті жастарының мақсаты да сол – ізінен ергендерге бағыт –бағдар беріп, оларды елге, халыққа, ауылға қызмет етуге шақырып, кез келген қоғамдық істе белсенділік танытып, үлкендерді демеп, кішілерді қорғап, адамгершілік, отансүйгіштік қасиеттерге баулу.

Жастар саябағында өткен көңілді кеште аудан әкімінің орынбасары М.Жұмахметұлы да қатысып:

- Ерікті волонтер болу дегеніміз, риясыз мейірімділік көрсету, жаңа дағдыларға үйреніп, адамдарға жақсылық жасау, мүмкіндігі шектеулі жандардың қызықты да əсерлі істер мен оқиғалардың ортасында болуына көмектесу, тағдырдың тезімен қиын жағдайға тап болған адамның жанынан табылу, қолынан келгенше сүйеу бола білу деген сөз. Ол екінің бірінің қолынан келмейтін іс. Ерікті волонтерлер болу үшін адамдарға ниет білдіру, жаны ашып, есіркей білу, ашуды ақылға жеңдіре білу, командада жұмыс жасай білу ғана емес, адалдық, парасаттылық сияқты адамгершілік қасиеттер керек. Соны бекем ұстай біліңдер-,деп ағалық ақыл-кеңесін айтып, жастар жасағының мүшелерін салтанатты түрде қабылдау рәсіміне қатысып, жасыл түсті галстуктарын тақты.

k

k

k

k

k

_

_

_

k

k

Мерекелік кеш барысында еріктілер халыққа дайындаған концерттік бағдарламаларын ұсынып, арнайы шақырылған қонақтар да өнерін көрсетіп, айналасын ән мен жырға бөледі. Викториналық сұрақтар қойылып, жеңімпаздарға кішігірім естелік сыйлықтар таратылды.

А.САТАЕВА

Сурет:автордікі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521