Ауданда облыстық суретшілер мен қолөнершілер көрме-байқауы өтті

Бұл шара Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың Жарлығымен бекітілген Алтын Орданың 750 жылдығын атап өту шаралары аясында ұйымдастырылып отыр.

«Сарайшық» тарихи-мәдени музей-қорығы мен Махамбет аудандық әкімідігінің бірлескен жобасы туған өлкенің тарихын баяндайтын өнер туындыларының қазіргі галереясын қалыптастыру бастама болып табылады. Көрме-байқауға өңірге танымал суретші мен қолөнер шеберлерінен бөлек, жас буын өкілдері де қатысты.

akim161020

del161020-3

Атырау қаласы мен Жылыой, Индер, Махамбет аудандарының қылқалам шеберлері мен он саусағынан өнер тамған талант иелері өз бақтарын сынады.

syr161020-4

sy161020-2

Ал байқауға қазылық еткендер қатарында ҚР Суретшілер Одағының мүшесі Мұрат Рахметов, ҚР Дизайнерлер Одағының мүшесі Манарбек Давлетьяров және зергер Мұхтар Шеруен болды.

syret161020

Байқауға 11 суретші және 8 қолөнер шебері қатысып, өз туындыларын ұсынды.

ad161020

del-161020-5

Шараны ұйымдастырушылардың бірі Орын Сағынбаева:

- Былтырғы жылы «Сарайшық – қазақ елінің астанасы» тақырыбында суретшілер байқауы өткен болатын. Бүгінгі шараның ерекшелігі қолөнершілердің де байқауға қатысуға мүмкіндік алу болып отыр. Барлық қатысушылардың туындылар жоғары деңгейде бағаланды деуге болады. Әр қатысушы өзінің туындысымен тарихқа өзінің үлесі бар екендігін, тарихқа деген көзқарасын байқатты деп бағалаймыз. Музейдің қорын көркемсурет және қолөнер туындыларымен толықтырғандары және байқауды өткізуге қаржылай қолдау білдірген үшін аудан әкімідігіне алғысымызды білдіреміз. Алдағы уақытта да мәдениет саласын дамыту мен нығайтуда екіжақты бірлескен жұмыстар жалғасын таба береді деп сенім білдіреміз-, дейді.

pr161020

cyr161020

Байқау-көрменің қорытындысында әділқазылар алқасының көңілінен шығып, сурет жанры бойынша І орынды «Сарайшық сазы» туындысын ұсынған атыраулық Бақтыгерей Телеубай жеңіп алса, қолөнер шеберлері бойынша «Көшпенділер сандығы» туындысымен атыраулық Ғалымбек Жұмашев үздік атанды.

del161020

Жүлделі орындарға ие болғандардың бәріне ақшалай сыйлық қоса берілсе, басқа қатысушыларды назардан тыс қалдырмай «Алғыс хаттарын» табыстады.

Нәтижесінде музей қорық қор 9 көркемсурет туындысымен және 5 қолөнер бұйымдарымен толықты.

Қ.АЙТҚАЛИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT