Қазақ әншісі Димаш қытай оқулығына енді

Жоғары сынып оқушыларына арналған оқулықта қазақ әншісінің өмірбаяны жазылған Қазақ әншісі Димаш Құдайберген туралы мәлімет Қытайда шығарылған мектеп оқулығына енгізілді.

Бұл туралы әнші Instagram-дағы жеке парақшасында хабарлады. Өзіңді Қытайдың мектеп оқуылықтарынан көру көңіл сүйсіндіреді", - деп жазды Димаш.

Жоғары сынып оқушыларына арналған оқулықта қазақ әншісінің өмірбаяны жазылған. Димашқа арналған беттің төменгі жағында оның өмірі мен шығармашылығына қатысты бірнеше сұрақ қойылған.

Естеріңізге салайық, Димаш Құдайберген 2017 жылы Қытайдағы I'm a Singer байқауына қатысқаннан кейін бүкіл әлемге танымал болды. Ол финалға дейін жетіп, екінші орын алды.

Sputnik.kz

Сурет:дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521