Фариза ақынға арналған жыр додасы басталды

Атырауда ақын Фариза Оңғарсынованың 80 жылдығына орай «Жыр жұлдызы Фариза» республикалық ақындар айтысы басталды, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Атырау облысы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылып отырған айтысқа еліміздің барлық өңірінен 22 ақын келді. Шараға арнайы қатысқан Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Серік Шапкенов облыс әкімі Нұрлан Ноғаевтың атынан құттықтап, ақындарға сәттілік тіледі.

- Өзінің өмірін өлеңге арнап, барлық ғұмырын жырмен жырлаған жерлес апамыздың құрметіне Атырау облысының әкімдігі апталық шарасын өткізуде. Кеше ақын апамызға арналған конференция өтті.

7bd

Сондай-ақ, өлең-жыр байқауларын, спектакльдер өткізу жоспарлануда. Тек осы шаралармен шектелмей, алдағы күндері де ауқымды шаралар өтетін болады, - дейді Серік Шапкенов.

4

Айта кетейік, «Жыр жұлдызы Фариза» республикалық ақындар айтысының финалдық кезеңі 13 қыркүйек күні сағат 10.00-де «Облыстық халық шығармашылығы орталығында» өтеді.

Өңірлік коммуникациялар

қызметі

Сурет: ӨКҚ

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

© 2018 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.
Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в вашем браузере должен быть включен Javascript.

 

ZERO.kz

Яндекс.Метрика