5 қыркүйек «Қазақстан Халқының Тілдер күні» мерекесіне орай аудандық кітапхананың және аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен «Өнерпаз» мәдениет үйінде ақиық ақын «Мұқағали Мақатаев атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің» аудандық байқауы өтті.
Байқаудың басты мақсаты - М.Мақатаев шығармаларын кеңінен насихаттау арқылы, дарынды жастардың өнеріне қолдау көрсетіп, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, қара өлеңнің құдіретімен қазақ тілінің мәртебесін көтеру болып табылады. Биыл байқауға 12 ауылдық окуругтен 20 үміткер қатысыпты. «Қасиетіңнен қара өлең айналайын» деп аталатын бірінші кезеңде әр қатысушы ақынның бір өлеңін және бір поэмасынан үзіндіні мәнерлеп, жатқа оқыса, «Жақсы сезім - жаны игі халқым үшін» атты екінші кезеңде М.Мақатаевтың сөзіне жазылған бір әнді және басқа авторлардың патриоттық тақырыптағы бір туындысын орындау шартты болды.
Байқау барысында «Өлмейтұғын артында ізі қалған» Мұқағалидай асқақ тұлғаның жырларын жатқа оқып, әндерін тыңдап өсіп келе жатырған жас буын мен аға буынның сабақтастығын көріп көңіліміз қуанды. Әсіресе, бірінші кезеңде ақынның «Райымбек, Райымбек!», «Аққулар, ұйықтағанда» поэмаларынан бөлек «Бесік балағындағы жылан» атты поэмасын Бақсай ауылдық округінен келген қатысушы Дильназ Дүсіпова нақышына келтіре оқып, оқиғаны көз алдымызға елестетіп, ақынның да, өзінің де шеберлігін айқын көрсете алды. Мұзбалақ ақын Мұқағалидың сөзіне жазылған әндер де аз емес, әйтсе де солардың ішіндегі көпшілікке танылмай, тыңдарманға жетпей жүргендерін осындай байқауларда естіп, білсек бір ғанибет емес пе? Мұқағалиды, «тірісінде лайықты бағаланбаған тұлға» деп жиі айтылады. Ақиық ақынның атындағы осындай жыр-сайыстарды биылғы жастар жылында ауқымды түрде ұйымдастырып, Мұқаңның ізін қуып келе жатырған жас ақындардың басын қосып, арнау жаздырып, қазақтың қара домбырасынмен әнін айтқызса нұр үстіне нұр болар еді.
Байқау қорытындысымен:
«Қасиетіңнен қара өлең, айналайын» көркемсөз оқу номинациясы бойынша:
Бас жүлде – Дүсіпова Дильназ /Бақсай ауылдық округі/
І орын – Гинаятова Айгерім /Бейбарыс ауылдық округі/
ІІ орын – Сүйесінова Айшабибі /Сарайшық ауылдық округі/
ІІІ орын – Жайғали Ақиіс /Жалғансай ауылдық округі/
ІІІ орын – Гибатуллина Сәуия /Ақтоғай ауылдық округі/
«Жақсы сезім - жаны игі халқым үшін» ән орындау номинациясы бойынша:
І орын – Айтжанов Дияр /Ақжайық ауылдық округі/
ІІ орын – Ахметқалиева Мүбина /Ақтоғай ауылдық округі/
ІІІ орын – Жексенбай Индира /Алмалы ауылдық округі/
ІІІ орын – Ғайниұлы Ізбасар /Махамбет ауылдық округі/
Алғыс хаттармен:
Бақыбаев Алмат /Ақжайық ауылдық округі/
Қуатова Дильназ /Алмалы ауылдық округі/
Қайырғалиева Дильназ /Ортақшыл ауылы/
Серикова Дильназ /Талдыкөл ауылы/
Аманғалиева Ару /Махамбет ауылдық округі/
Шәмшиденова Гүлбағила /Бақсай ауылдық округі/
Сисенбаева Гүлдана /Сарытоғай ауылдық округі/
Изимова Жансая /Ортақшыл ауылдық округі/
Ахмет Алмаз / Алға ауылдық округі/
Барлық қатысушыларды аудандық Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысының Н.Аруев арнайы «Дипломмен», «Алғыс хаттарымен» марапаттап, сыйлықтар табыстады.
А.Сатаева