«AMANAT»-тың қолдауымен аламан айтыс басталды

 Елордада «AMANAT» партиясының қолдауымен Мәдениет және ақпарат министрлігі ұйымдастырған «Алтын домбыра» республикалық ақындар айтысы басталды, деп хабарлайды atr.kz тілшісі «AMANAT» партиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 «Еңбек – ел ырысы» тақырыбындағы дәстүрлі жыр аламаны биыл қарапайым еңбек адамдарына арналып отыр.

Мәжіліс Спикері, «AMANAT» партиясының Төрағасы Ерлан Қошанов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еңбек адамының мәртебесін көтеруді үнемі айтып жүргеніне ерекше назар аударып, Республика күні қарсаңында Президент 700-ден астам қарапайым еңбек адамын мемлекеттік наградамен марапаттағанын атап өтті. Бұл – адал да табанды еңбегімен Тәуелсіздігіміздің тұғырын бекемдеп келе жатқан азаматтарымызға деген құрмет.

«Биылғы «Алтын домбыра» ақындар айтысының өзіндік мәні бар. Бүгінгі айтыс қарапайым еңбек адамдарына арналады. «Еңбек – ел ырысы» деп отырмыз. Себебі, берекенің бастауы – еңбекте. Ал, оның иесі де, киесі де – қарапайым еңбек адамдары. Осы ретте Мемлекет басшысы «Адал азамат» ұғымын қоғам санасына сіңіруді ұсынды. Айналып келгенде, мемлекетті мемлекет, елді ел қылып отырған бай-бағыландар емес, қатардағы жұмысшылар, малшылар, диқандар, ұстаздар мен дәрігерлер. Қазір оларға деген қоғамның шынайы құрметі оянып келеді», – деді Е.Қошанов.

Өз кезегінде, айтыс тізгінін ұстаған белгілі ақын, Мәжіліс депутаты Аманжол Әлтай көзіқарақты көрерменге қазылар алқасының құрамын және ақындар қауымын таныстырды.

«Айтыс – ұрпақтан ұрпаққа әкенің қаны, ананың сүтімен жеткен қастерлі өнер. Бүгін елорда төрінде еңбек адамының қадір-қасиетін, олардың қоғамдағы айрықша орнын жырға қосамын деп ойы өрелі, сөзі сүбелі айтулы ақындар бас қосып отыр. Баршаңызға сәттілік тілеймін», – деді А.Әлтай.

Айта кетейік, екі күнге созылатын аламан айтыста еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған 16 ақын өнер көрсетеді. Кіл жүйрік те кім жүйрік екені ертең белгілі болмақ.

«AMANAT» партиясының баспасөз қызмет

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT