Тарихы терең төл теңге

 Теңге әлемдегі ең қорғаныштық қабілеті жоғары валютаның бірі саналады. Ұлттық валютаны енгізу Тәуелсіз Қазақ елінде үлкен тарихи оқиға еді. Өзіміз шет жағасын көріп қалған, куә болған ХХ ғасырдағы рубльмен та­лай рет есеп айырыстық. Бұл үрдіс ел тәуелсіздігін алып, өз алдына дербес мемлекет болғанға дейін жалғасты.

Сонау 1993 жылы ақша ауы­стыру кезінде есепшілер есепсіз қағаз ақшаны қолмен санап, шотқа соққаны есімізде. Ақша айырба­стау кезінде үлкен қарбалас болған еді. Тау-тау болып, рубльдер үйіліп жатты бір бұрышта. Ел-жұрт ала таңнан кезекке тұрып, қолындағы кеңес одағынан мұраға қалған уыс- уыс сабан ақшаны жап-жаңа, ди­зайны көздің жауын алатын ұлттық валютаға айырбастап жатты. Төл теңгемізді алғаш көрген қариялар көзіне жас та алды. Шынын айту керек, ол кезде көп нәрсенің мәнін түсініп, байыбына бара алмадық. Тап сол кезде үлкен тарихи сәтті ба­стан кешіп жатқанымызды кейіннен ұқтық.

Қазақ тарихында өшпес із қалдырған тарихи тұлғаларымыз ағартушы әл-Фараби, айтыскер ақын Сүйінбай, күйші Құрманғазы, ғалым Шоқан Уәлиханов, ұлы ақын Абай, Әбілқайыр хан, Абылай хан бейнеленген теңгелер халық арасына ене берді. Сонау 1993- 1998 жылдары шыққан теңгелер қандай еді? Енді солар жайлы тоқталсақ. Олар –1,3, 5, 10, 20, 100, 200 теңгелер.

1 теңгеде әл-Фараби бейнесі шықса, екінші бетінде әл-Фарабт геометриялық құрылымдары мен формулалары салынды.   

3 теңгеде ақын Сүйінбай Аронұлы портреті, 2-ші бетіне Іле Алатауы бейнеленді.   

5 теңгеге күйші Құрманғазы бейнеленсе, 2-ші бетіне мавзолей кешен бейнесі салынған.

10 теңгеге ғалым Шоқан Уәлиханов, келесі бетіне Оқжетпес тауы бейнеленді. 

20 теңгеде Абай Құнанбайұлы портреті, ал келесі бетіне құсбегі салынған. Ал 100 теңгелік банк­нотта Абылай хан, екінші бетіне Қожа Ахмет Ясауи кешені , 200 теңгеде Әбілқайыр хан бейнесі салынғанын білеміз. Мұның бәрі елдің рухын көтерді .

Еліміздің төл валютасы ту­ралы жарлық 1993 жылдың 12 қарашасында шыққан. Арада үш күннен кейін 15 қарашада теңге айналымға енді.

Қазақстан тарихын, мәдениетін терең зерттеген шеберлер теңгеге атау іздепті . Әуелде «ақша», «алтын», «сом» деген атауларын ұсынған дейді. Ақыры теңге ата­уына тоқталса керек. Теңге ата­уын ғалым, халықаралық инже­нерлер академиясының академигі, «Құрмет» орденінің иегері Сауық Тәкежанов.

Алғашқы теңге Лондонда басылған. Ол кезде Қазақстанда ақша баса­тын фабрика болмады. Алғашқы ақшаны Лондоннан жеткізу үшін 18 рет әуе сапары жасалыпты. Оны 8 күн ішінде қазақстандық банктерге бөліп берген көрінеді. Ал алғашқы монеталар Германияда жезден және никель күмістен жасалған. Елімізде ақша басып шығаратын фабрика 1995 жылы ашылған екен. 2011, 2012, 2013 жылдардағы теңге банкноты әлемдегі ең үздік қағаз ақша деп танылған.

Теңге жалған ақша қорғалған әлемдегі қауіпсіз валюта болып шықты. Америкалықтар теңгенің технологиясына сүйеніп, доллардың қауіпсіздігін күшейткен деген де­рек бар. Ақша мен экономиканың өзара байланысы өте тығыз, олар экономикалық жүйенің негізгі құралы. Ақша жүйесі экономикалық үдерістерге оларды күшейтумен не бәсеңдетумен әсер етеді.

Жолай ТҮГЕЛБАЕВ,

аудандық мүгедектер қоғамының төрағасы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT