Абай мұралары-басты құндылығымыз

Абай Құнанбайұлы-қазақтың маңдайына біткен Ұлы ақыны.

Ел Президенті Қ.Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласын оқып, терең ойға қалдым. Абай Құнанбайұлы-қазақтың маңдайына біткен Ұлы ақыны. Жер бетінде Абайды білмейтін жан жоқ шығар. Ел тарихында Абай –өшпес із қалдырғанын білеміз. Ұлы ақын шығармалары өзектілігін әлі жойған жоқ. Ақын ой-тұжырымдары бізге қашанда рухани азық болды.

Биыл Ұлы Абайдың 175 жылдығына байланысты халықаралық, аймақтық деңгейде 500-ден астам іс-шара ұйымдастырылмақ. Семейде үстіміздегі жылдың тамызында ЮНЕСКО мен бірлескен «Абай мұрасы» және әлемдік руханият» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция ең басты шараға айналатынына қуаныштымыз. Мемлекет басшысы Абай шығармалары 10 тілге аударылып, басып шығарылады деп отыр.

Абайдың өмірі мен бай мұрасы, ел мәдениетіне қосқан үлесі жөнінде деректі фильм, «Абай» телесериалы түсіріледі екен. Сондай-ақ республикалық, халықаралық деңгейде театр және музыка фестивальдары өткізілетін болып шықты. Шетелдерде әсіресе, Ресей, Ұлыбритания, Франция т.б. мемлекеттердің Қазақстан елшіліктері жанынан Абай орталықтарын құру да жоспарланыпты. ШҚО-ның Ақшоқы елді мекенінде орналасқан Құнанбай Өскенбайұлы қорымын абаттандыру да көзделген. Үкімет елдің рухани дамуында ерекше орны бар Семей қаласын тарихи орталық ретінде белгілеуді қолға алғаны аса құптарлық жайт.

Мерейтой аясында Абайдың қастерлі мекені әйгілі Жидебайлы абаттандыру, мұнда ұлы ақынға тағзым етуге келетін ел-жұртқа қолайлы жағдай жасау керек дегені де көкейге қонымды деп ойлаймын.

Сонымен қатар «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-меморалдық қорық-музейіне ерекше көңіл бөліп, ғылыми-танымдық жұмыстармен айналысатын орталыққа айналдыру ойын да құптаймыз. Мемлекет басшысы Жидебайда музейге арнайы лайықталған «Абай мұрасы» атты жаңа ғимарат салуды ұсыныпты. Сонау 1918 жылы заманымыздың заңғар жазушысы М.Әуезов, алаш қайраткері, жазушы Ж.Аймауытов негізін қалаған, 1992 жылдан шығып келе жатқан «Абай» журналына мемлекет тарапынан қолдау көрсету мәселесін де көтерген.

Президент Қ.Тоқаев мақаласында : «Абай мұрасы-біздің ұлт болып, бірлесуімізге, ел болып, дамуымызға жол ашатын қастерлі құндылық. Абай арманы-халық арманы. Халық арманы мен аманатын орындау жолында аянбағанымыз абзал. Абайдың өсиет-өнегесі ХХІ ғасырдағы жаңа Қазақстанды осындай биіктерге жетелейді» деп атап көрсеткен.

Ж.Шамалиқызы,

аудандық аналар қоғамдық

бірлестігінің төрайымы

Сурет:дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT