Құрметті мұсылман бауырлар, қымбатты жерлестер!
Барлықтарыңызды қасиетті Рамазан айының келуімен құттықтап, ниеттеріңіз қабыл болсын демекпіз.
Жүздеріңіздегі нұр, жүректеріңіздегі иман арта берсін. Рамазан – он екі айдың сұлтаны, берекелі де кешірімі мол ай. Бұл айдың басты ерекшелігі, Алла Тағала исламның бес парызының бірі болған оразаны осы айда ұстауды парыз етті. Екіншіден, адамзат баласын тура жолға бағыттайтын, ақиқат пен жалғанды, сауап пен күнә арасындағы парықты айқындап беретін қасиетті Құран осы айда түсірілді. Сондықтан бұл айда оқылған Құран аяттарының сауабы, атқарған ізгі іс-амалдардың сауабы өзге айларға қарағанда еселеп артады.
Бүгінгі жұма күні келіп жеткен Рамазан айының алғашқы күні тағы да құтты болсын! Ауыз бекіткендерге Алла қуат беріп, дұға-тілектеріміз қабыл болсын!
Еліміз тыныш, жұртымыз аман болып, қауіпті дерттен тезірек құтылып, отбасымызбен бақытты өмір сүруді Алла бәрімізге нәсіп етсін!
«Жайық-Ақпарат»
Сурет:дереккөз