«Вакцина ал да, ақшалай сыйлыққа ие бол»

Атырауда коронавирусқа қарсы вакцина алғандар арасында ақшалай ұтыс ойнатылады!

Жүлде қоры - 40 миллион теңге, оның ішінде, басты жүлде - 10 миллион теңге! Биылғы жылдың 30-шы маусымынан бастап 200 мың теңгелік 10 сертификат әр он күн сайын 30-шы қыркүйекке дейін вакцина алғандар арасында ойнатылады.

Тамыз айында 30-шы маусым мен 31 шілде аралығында вакцина алғандар үшін 3 миллион теңге көлемінде 2 сертификат ұтысқа түседі! Ал, 1-31 тамыз аралығында екпе алғандар үшін қыркүйекте тағы 3 миллион теңге көлемінде 2 сертификат ойнатылады.

Қазан айында өтетін 10 миллион теңгені құрайтын басты ұтысқа Атырау облысында 1-ші ақпаннан бастап 30-шы қыркүйекке дейін вакцинаның бірінші немесе екінші компонентін алған тұрғындар қатыса алады. Жеңімпаздар Атырау облысының «Азаматтық Альянс» ҮЕҰ-ның әлеуметтік желісінде тікелей эфир арқылы анықталады. Атырауда екпе алғандар арасында ұйымдастырылып отырған ақшалай ұтыс ойыны Атырау облысының «Азаматтық Альянс» ҮЕҰ ұйымдастыруымен және демеушілердің қолдауымен өткелі отыр. Өткізіліп жатқан акцияның ашықтығы үшін ҮЕҰ, белгілі блогерлер, қоғам белсенділері тартылатын болады.

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ

biblioteka-pervogo-prezidenta-kz

Фотогалерея

Референдум

referendum-banner-1

Сұрақ Жауап

Жайық суын молайту үшін не істеу керек?

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

© 2018 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.
Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в вашем браузере должен быть включен Javascript.

 

ZERO.kz

Яндекс.Метрика