Атырауда басқарма басшылары коронавирусқа қарсы екпе алды

Бүгін № 1 қалалық емханада Атырау облыстық білім беру және спорт басқармасының басшылары коронавирусқа қарсы екпе алды, деп хабарлайды Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі.

Басқарма басшыларының арасында бірінші болып екпе алған облыстық білім беру басқармасының басшысы Сатқан Есенғалиев болды. Айтуынша, “Спутник V” вакцинасын өзінің тұрғылықты мекен-жайы бойынша алған.

-Өзімді бір қалыпты сезініп отырмын. Ешқандай жанама әсер байқалмады. Вакцина алу арқылы өзімізді, жақындарымды, тығыз байланыста жұмыс жасайтын оқушыларды да қауіпті індеттен сақтай аламыз. Сол себепті, бірінші кезекте педагогтар екпе алуы қажет. Өзім жұмысым ыңғайланып, еңбек демалысына кетер кезде екпе алып отырмын, – деді Атырау облыстық Білім беру басқармасының басшысы Сатқан Есенғалиев.

Өңірдің бас ұстазы екпе алған № 1 қалалық емханасында екпеге кезекке тұрғандар көп. Қазірдің өзінде 5299 тұрғын коронавирусқа қарсы екпенің I компонентін алып үлгерген.

-Бүгінгі күні медицина қызметкерлері,педагогтар екпе алуға көбірек келіп жатыр. Емхана бойынша 4 егу бөлмесін ашып отырмыз. Біреуі емханада, біреуі филиалда, “Тамаша” сауда орталығында және тағы бір жылжымалы бригада құрдық, – деді № 1 Атырау қалалық емханасының директоры Әсия Нарымбаева.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521