Саулық – сақтықта

Жалпы екпенің адам өмірінде алатын орны ерекше.

Мен ресейлік «Спутник V» вакцинасының екеуін де салдырдым. Жанама еш әсері байқалмады. Өзімді жақсы сезініп, жұмысымды жалғастыра бердім.

Жұқпалы инфекциямен күресу, денсаулық сақтаудың жалғыз жолы-екпе салдыру екенін түсінуіміз керек. Әркімнің жел сөзіне сеніп,екпеден қашудың жөні жоқ.

Бұрын өзіміз бала кезімізден бастап талай рет түрлі ауруларға қарсы вакцина алдық. Тіпті балаларымызға да салдырттық. Өзіңіз үшін, бас амандығы, отбасыңыз үшін екпе салдырған дұрыс деп ойлаймын. «Саулық-сақтықта» деп тегін айтпаған. Барлығыңызды бір кісідей вакцина алуға шақырамын.

Қамбар ДЖАКИЕВ,

Бақжайық мәдениет үйінің директоры

Сурет:дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT