Құтыру қауіпті індет

Құтыру ауруы – малда, адамдарда кездесетін жұқпалы ауру. Оның қоздырғышы вирус болып саналады.

Бұл аурумен ауырған мал да, адам да өліп тынады. Аурудың қоздырғышы – вирустың тұрақтайтын жерлері малдың миы, жұлыны, сілекейі және ұйқы безі,бүйрек безі, желіні, талағы. Ол малдың қанында өте сирек ұшырасады. Құтыру ауруымен төрт түлік мал, жыртқыш аңдар ауырады. Бұл аурумен жиі ауыратындар ит пен мысық, ал жабайы иттер оның негізгі таратушысы болып саналады. Өткен кезеңдердегі малдәрігерлік-сараптамалық есеп айырысудың қорытындысынан белгілі болғандай, ауру таратушылардың 80%-ы иттер екендігі анықталды. Құтыру ауруының эпизоотиялық жай-жапсарынан анықталғаны: аурудың қыркүйек-сәуір айлары аралығында кездесетіндігі. Жыл он екі айдың осы уақыт аралығында ауру таратушы иттердің т.с.с. жыртқыш аңдардың көп қозғалыста болуы себепті, мал-жанмен жиі араласуы нәтижесінде болған деп есептеледі. Бұл аурудың шығуының бір жолы десек, екіншісі, ауруды таратушылардың сілекейі малдың жарақаттанған кілегей қабығына, не терісіне жұғуынан деп саналады. Ауру белгісін бермей, жасырын түрде ауырып жүрген иттер де ауруды таратады. Ауруды болдырмау мақсатында ауруға қарсы шығарылған вакцина қолданылады. Оны бірінші кезекте аурудың сырт белгісін байқатпай жүрген ит жарақаттанған малды және бұл аурудан залалды деп саналатын жерлердегі сау малды егуге қолданады. Вакцинация жасалған малда 10-14 тәуліктен кейін иммунитет пайда болып, ол 8-12 ай бойы сақталатын болады.

Бұл аурудың жасырын кезеңі 3-8 аптаға созылады, ал жас малда ол кезең қысқа болуы мүмкін. Аурудың сырт көрінісі ілкісінде қозғыштық сатыдан басталып, тоқырау-күйзелумен жалғасып, меңіреулік күйге түсіп, аузынан сілекей ағады. Бұл ауруға иттерден кейінгі шалдыққыш жан-жануарлардың бірі, ол – мүйізді ірі қара малы болып саналады. Егерде ауру белгісі білінген жерлердегі малды уақтылы бұл ауруға қарсы вакцинация жасамаса, ауру кең көлемде тарауы ықтимал. Ауру елірме тұйық түрде болады. Қой малының құтыру ауруы басқа малдағыдай көрініс белгілерін байқатады. Құтыру ауруына малдың қандай көрініс белгі беріп ауырғандығын, оған қандай себептердің әсер еткенін ескеріп және лабораториялық зерттеулердің қорытындысынан анықтау арқылы қорытынды диагноз қояды. Құтыру ауруына қарсы қолданатын емдік дәрі шығарылмаған. Аурудың алдын алу бағытында мына төмендегі шаралар жүргізілуі тиіс: иесіз ит, мысықтарды және жыртқыш аңдардың көзін жою; қолдағы иттерді вакцинациядан өткізу; малды, адамды қауып, жарақаттаған иттерді не мысықтарды 14 күн бойына малдәрігерлік қадағалауға алу.

А.ИБРАЕВА,

аудандық ветеринария бөлімнің бас маманы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521