Сovid-19: Махамбеттен 2 адам жұқтырған

Атырауда бір тәулікте 110 адам коронавирус жұқтырды деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Атырау қаласынан 80, Теңіз кенішінен 7 адамнан анықталды. Сонымен қатар, соңғы тәулікте Жылыой ауданынан- 3, Қызылқоға ауданынан- 4, Индер ауданынан- 3, Құрманғазы ауданынан- 9, Махамбет ауданынан- 2 және Мақат ауданының 2 тұрғынынан инфекция расталған.

Коронавирустық инфекциясы бар 48 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде. Өткен тәулікте коронавирустан 29 адам сауығып шықты.

Еске сала кетелік, күні бүгінге дейін, яғни, 1 ақпан – 11 сәуір аралығында Атырауда коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компонентін 8103 адам алды. Екінші компонентті 2822 атыраулық алды.

Тек қана 10-11 сәуір аралығында Атырауда аталмыш вакцинаны 920 адам қабылдады.

Сурет:дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521


Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

© 2023 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

Әлеуметтік желілеріміз