Дерттен сақтанудың жолы - екпе алу

Коронавирус дертінің басты профилактикасы- вакцина.

Коронавирустар – көбіне жануарларды зақымдайтын, бірақ адамға да жұға беретін вирустар тұқымдастығы.

Бұл – латынның crowns (тәж) немесе halos (шеңбер) деген сөздерінен пайда болған атау. Өйткені, коронавирус микро- скоппен қарағанда, осы екеуінің қосындысын еске түсіреді. Бұл вирустар тобына адамға зиянын тигізетін бірнеше түр кіреді. Олардың бірі тұмауға шалдықтырса, өзгелері жарқанаттар мен түйелерден және жануарлардан кездесіп,бүгінде ғылымда SARS (Ауыр әрі өткір респираторлық синдром) және MERS (Таяу Шығыс респираторлық синдромы) деген акрониммен белгілі болып отыр.

Жаңа коронавирус тудырған аурудың симптомдары

Шаршау сезімі

Тыныс тарылады

Температура жоғарылайды

Жөтел және тамақ ауырады

Симптомдары респираторлық аурулардың көбінің, мысалы,тұмаудың біраз симптомдарына ұқсас келеді және көбіне кәдімгі суық тигенге ұқсайды.

Егер сізде осыларға ұқсас симптомдар байқалса немесе соңғы екі аптада қаупі жоғары аймақтарға, мысалы, Қытайға және оған іргелес өңірлерге барып келген адаммен байланыс жасаған болсаңыз – симптомдарға барынша көп назар аудару керек.

Коронавирус пен тұмау вирусының арасында қандай айырмашылық бар?

Коронавирус пен тұмау вирусының клиникалық симптомдары ұқсас болуы мүмкін, бірақ генетика тұрғысынан олар мүлдем ұқсамайды.Тұмау вирустары өте жылдам көбейеді: симптомдары вирус жұққаннан кейін 2-3 күннен соң байқалады, коронавирус кезінде 14 күндей қажет. Қазіргі уақытта коронавирус жұқпасын растау мақсатында полимеразды тізбекті реакцияға (ПТР) жүгінуге болады.Материал үлгісін мұрын немесе тамақтан алады. ПТР вирусты үлгіде оның генетикалық материалының көпреттік көбеюі нәтижесінде анықтауға мүмкіндік береді. ПТР жұқтыру көзімен қатынаста болған соң бірнеше күннен кейін белсенді жұқпаны растау үшін қолданылады. Сонымен қатар антиденелерді анықтауға арналған сараптама арқылы жұқпамен бұрын ауырып өткенді, тіпті ешқандай белгілер болмаған жағдайда да анықтауға мүмкіндік береді. Сараптаманы жасау үшін қан үлгісі қажет болады. Онда жұқпаға қарсы түзілген антиденелердің деңгейін анықтайды. Көптеген адамдарда антиденелер жұқтырғаннан кейін бірнеше күннен бірнеше аптаға дейінгі аралықта түзіле бастайды және олардың қанда болуы аурумен сырқаттанып өткенді білдіреді. Антиденелерді анықтауға арналған сараптамалар ауруды жұқтырғаннан кейін бірден немесе аурудың ерте кезеңінде COVID-19 диагностикасы үшін тиімсіз. Бірақ аурумен бұрын ауырып өткенді анықтауға мүмкіндік береді.

Коронавирус қалай жұғады?

Коронавирус инфекцияланған адам жөтелгенде немесе түшкіргенде түзілетін тамшылар арқылы таралады. Бұған қоса, оны кез келген ластанған бетті,мысалы, есік тұтқасын ұстау арқылы да жұқтырып алуға болады. Сондай-ақ адамдар инфекцияны ластанған қолдарымен беттерін: ауыздарын, мұрындарын немесе көздерін ұстағанда да жұқтырып алады.

Коронавирустан қалай қорғануымыз керек?

Инфекциядан қорғану мақсатында қолымыздан келетін басты шара – қолдарымызды және беттерді таза ұстауымыз керек.Қолды жиі сабындап жуыңыздар немесе дезинфекциялайтын құралды (тері антисептигін) пайдаланыңыздар.

Жуылмаған қолмен ауызды, мұрынды немесе көзді ұстамауға тырысыңыздар.Әрдайым тамақ ішудің алдында қолды жуыңыздар.Әсіресе адам көп болатын жерлерде: дүкендерде, әуежайларда және басқа да қоғамдық көлік жүйелерінде сақ болыңыздар. Осындай жерлердегі беттер мен заттарға қолды мейлінше аз тигізуге тырысыңыздар, қолдарыңызбен беттеріңізді ұстамаңыздар.Бірреттік салфеткалар алып жүріңіздер, жөтелгенде не түшкіргенде олармен мұрын мен ауыздарыңызды жабыңыздар және қолданғаннан кейін оларды міндетті түрде жойыңыздар.Егер басқа адамдар саусақтарын салған болса, ортақ қаптамадан не ыдыстан тамақ жемеңіздер (жаңғақтар, чипстер, печенье, басқа да снектер). Эпидемиологиялық жағдай тұрақтанбағанша, қол алысып амандаспауға және беттен сүймеуге тырысыңыздар.Жұмыста қолдарыңыз тиетін беттер мен құрылғыларды (компьютердің пернетақтасын, ортақ кеңсе техникасы панельдерін, смартфон экранын, пульттерді, есік тұтқалары мен ұстағыштарды) жиі тазалап тұрыңыздар.

Медициналық масканы қалай киеді?

1.Мұрын мен ауызды маскамен мұқият жауып, бет пен масканың арасындағы саңылауды кішірейту үшін бекітіп қойыңыздар.

2.Масканы киіп жүрген кезде қолмен ұстамаңыздар. Қолданған масканы, мысалы, оны шешу үшін ұстағаннан кейін қолды жуыңыздар.

3.Маска дымқылданса немесе кірлесе, жаңа таза және құрғақ масканы киіңіздер.

4.Бірреттік маскаларды қайта кимеңіздер. Оларды әр пайдаланғаннан кейін тастау керек және шешкеннен кейін бірден жою керек.

5.Үй-жайдың ауасын жиі тазартып тұрыңыздар.

Коронавирус дертінің басты профилактикасы- вакцина.

Вакциналар біздің иммунды жүйеге антиденелер өндіруді үйретеді, бірақ ең маңыздысы, вакциналар бізді сырқаттандырмай жұмыс істейді. Ағымдағы жылдың ақпан айынан бастап республика бойынша коронавирусқа қарсы егу шараларды басталды.

Екпе тек ерікті түрде жүргізіледі. Алайда, вакцина 18-ге толмаған балаларға, 65-тен асқан қарияларға, аллергиясы бар адамдарға, жүкті әйелдерге мен омырауда баласы бар аналарға мүлдем салуға болмайды. Созылмалы ауру бар науқастар да аса сақтықпен салдырғаны жөн.

Вакцинация жүргізер алдында дене температурасы өлшенеді, эпидемиологиялық анамнезді жинау, сатурацияны, жүрек жиырылуының жиілігін, артериялық қысымды өлшеу, тыныс алу және жүрек-қантамыр жүйесін аускультациялау және жұтқыншақты тексеру шаралары жасалады.

Халықты жоспар бойынша вакцинациялау жұмыстары жүйелі түрде жүргізілгенде ғана , сәйкесінше адамдардың аз бөлігі ауруға осал келетін болады. Бұл дерттің адамнан адамға жұғу мүмкіндігін азайтады. Осы арқылы біз басқа да қауіпті ауруларға байланысты вакцина қабылдай алмайтын адамдарды аурудан қорғай аламыз.

С.МАҚИЕВА,

обаға қарсы күрес бөлімшесінің дәрігері

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT