Өңірде коронавирус жұқтырған тағы 12 адам анықталды

Өткен тәулікте Атырау облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған он екі адам анықталды, деп хабарлайды Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Қауіпті дертке шалдыққандардың 10-ы Атырау қаласынан. Ал екі науқас - Қызылқоға мен Махамбет ауданынан тіркелген.

Сондай-ақ, өткен тәулікте облыс бойынша коронавирус індетінен үй жағдайында ем алып жатқан 3 адам жазылып шықты. Қазіргі уақытта 125 науқас үй жағдайында емделуде.

Айта кетейік, облыс бойынша инфекциялық стационарда 53 адам емделіп жатыр. Оның 28-і № 2 Атырау облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында, 25 науқас Теңіз кенішінің инфекциялық стационарында ем қабылдауда.

Сурет:дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521


Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

© 2023 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

Әлеуметтік желілеріміз