Бүгінде әлемді жайлаған коронавирустан қорғанудың әртүрлі әдістері айтылып жүр. Олардың қатарында: маска кию, қолды мұқият жуу, иммунитетті көтеру мақсатында витаминдерді көп тұтыну, спортпен шұғылдану және тағы басқалары.
Осы орайда әлемде қатерлі вирустан қорғанудың қандай тиімді тәсілдері бар екенін біле жүріңіз
1.Қол гигиенасын ұстаныңыз.Қолды сабынмен жиі жуыңыз және қолды дезинфекциялау құралдарын (антисептиктерін) жөтелгеннен, түшкіргеннен кейін қолданыңыз.
2. Тамақ әзірлеудің алдында, сондай-ақ науқастардың жеке заттарын қолданған жағдайда көз, мұрын, бетіңізге қолыңызды барынша тигізбеуге тырысыңыз;
3. Міндетті түрде бетперде киіңіз;
4. Бейтаныс адамдардан 1-2 метр арақашықтықты сақтауға тырысыңыз;
5. Ауырып жүрген адамдардан және олардың заттарына жанасудан аулақ болыңыз, байланысқа түскен жағдайда бетпердемен қорғаныңыз;
6. Жөтелу немесе түшкіру кезінде ауыз бен мұрынды жабу үшін майлықтарды пайдаланыңыз, содан кейін оларды қоқысқа тастаңыз және қолды мұқият жуыңыз;
7. Бөлмеңізді жиі желдетіп, ылғалды тазалауды жүргізіңіз;
8. Көкөністер мен жеміс-жидектерді қолданар алдында мұқият жуыңыз;
9. Иммундық жүйені жақсы қалыпта ұстау үшін дұрыс тамақтаныңыз, дене шынықтырумен айналысыңыз және толыққанды сегіз сағат ұйықтаңыз;
10. Егер аурудың алғашқы белгілері пайда болса, дер кезінде арнайы медициналық көмекке жүгіну қажет.
Карантин кезінде мектептегі кезекші сыныпқа баратын балалар үшін жадынама
Құрметті кезекші сыныпта оқитын балалар! Егер карантин кезінде мектепке барып, білім алғыңыз келсе, төмендегі нұсқаулықты қатаң есте ұстау маңызды!
• Мектептерде тиісті жағдайлар болған кезде (күшейтілген санитарлық талаптар, педагогтердің келісімі) балалардың ата-аналары мен заңды өкілдерінің өтініштері бойынша ғана санитарлық қауіпсіздіктің қатаң шараларын сақтай отырып, мектепалды, 1-4 сыныптардың оқушылары үшін 15 балаға дейін кезекші сыныптарды ашуға рұқсат етіледі.
• Ата-аналардың (заңды өкілдердің) оқушыларды жалпы білім беретін мектептерге алып жүруі мектеп ғимаратына кіргенге дейін жүзеге асырылады.
• Мектеп аумағына және ғимаратына кірер алдында, мектеп ішінде сигналдық белгілерге сәйкес 1,5 метр әлеуметтік қашықтықты сақтау қажет.
• Оқушылар күнделікті таңертеңгі сүзгіден өткізіледі. Яғни, жанаспайтын термометрия, ғимаратқа кіреберісте қолды антисептикпен өңдеу, аяқ киімнің табанын өңдеу, аяқ киімді ауыстыру қажет;
• Мектеп ғимаратында жүріп-тұру, оның ішінде баспалдақпен көтерілу арнайы көрсеткіштермен таңбаланған «бір жақты қозғалыс» қағидасы бойынша болады;
• Сабақтар арасындағы үзіліс уақыты әр түрлі сыныптар (топтар) үшін әр түрлі уақытта белгіленеді;
• Кабинеттік жүйе болмайды;
• 1 оқу күніне үстелде оқу құралдары бар (дербес оқулықтар, кеңсе) ресурстық лотокпен бір-бірінен кемінде 1,5 метр қашықтықта 1 нақты білім алушыға 1 парта (үстелді) бекітіледі;
• Мектепке келген кезде (сабақ басталғанға дейін), үзілістерде, көшеде серуендегеннен кейін, санитариялық торапта болғаннан кейін және басқа да ластану жағдайларында оқушылардың қолдарын уақтылы жууын (сұйық сабынды пайдаланып қолды жуу) сыныптарда (топтарда) бақылау жүзеге асырылады;
• Түшкіру және жөтелу кезінде пайдаланылған маскаларды, қолғаптарды, сулықтарды кәдеге жарату үшін арнайы орындарға салынады;
• Маскаларды дұрыс пайдалану мақсатында уақтылы (әрбір 2 сағат сайын және зақымданған жағдайда) ауыстырылуға жатады.
• Мектепке инфекциялық аурулардың (респираторлық, ішек, дене қызуының көтерілуі) белгілері бар балалар жіберілмейді.
• Инфекциялық аурулар белгілері бар балалар көрсетілген белгілер анықталған сәттен бастап жедел (кезек күттірмейтін) медициналық көмек бригадасы келгенге дейін не ата-аналары (заңды өкілдері) келгенге дейін дереу оқшауланады немесе үй жағдайында өздігінен оқшаулау жүзеге асырылады.
• Кабинеттерде жүру, мұғалімге бару, сыныптан тыс іс-шаралар мен ата-аналар жиналыстарын өткізу шектеледі.
• Кезекші сыныптарда оқытуды ұйымдастыру кезінде мынадай талаптардың орындалуы қамтамасыз етіледі:
1) сыныптың толымдылығы - 15 баладан аспайды;
2) сабақтың ұзақтығы - 40 минут;
3) әр түрлі сыныптар үшін әр уақыттағы өзгерістер;
4) әр сабақтан кейін кабинеттерді желдету, кварцтау;
5) әр сабақтан кейін қолды жуу және арнайы құралдарды қолдану;
6) сабақ кестесі білім беру ұйымының оқу жылына арналған жұмыс оқу жоспарына сәйкес жасалады;
7) сабақтар кестеге сәйкес өткізіледі.
Атырау облысы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің
сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті
Сурет:дереккөз