Коронавирустың алдын алу шаралары

COVID-19 коронавирустық инфекция – SARS-CoV-2 (2019-nCoV, Wuhan coronavirus) коронавирусын жұқтырумен байланысты тыныс алу жүйесін зақымдаумен сипатталатын өте жұқпалы ауру.

Аурудың атауы 2020 жылдың 11 ақпанында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы айтқан «COrona VIrus Disease 2019» ағылшын аббревиатурасынан шыққан.COVID-19 ауруын тудыратын вирус ауру адам негізінен жөтелгенде, түшкіргенде тыныс алу жолдары арқылы бөлінген тамшылар арқылы беріледі. Бұл тамшылар салмағының ауырлығына байланысты ауада ұзақ уақыт тұрмайды да еден мен жоғары беттерге тез қонады.

COVID-19-ды сырқат адаммен жақын қарым-қатынаста бола отырып, вирусты ауа-тамшылы жолмен немесе қолмен көздің, мұрынның, ауыздың шырышты қабықтары арқылы жұқтыруы мүмкін. ‎ COVID-19 негізгі белгілері – қызба, әлсіздік, бұлшықет ауыруы, жөтел. COVID-19 коронавирустық инфекция әдетте 2 нұсқада жүреді – (ЖРВИ) жедел респираторлық вирустық инфекцияға ұқсайтын жеңіл түрде өтеді немесе атипиялық пневмонияның пайда болуымен тыныс алу жетіспеушілігі, жедел респираторлық дистресс синдромы, тіпті өлім жағдайы салдарларына әкеледі.

COVID-19 коронавирустық инфекцияның инкубациялық кезеңі 1-ден 14 күн аралықты құрайды. Жұқтырған адам аурудың алғашқы белгілері пайда болғанға дейін басқаларға жұқтыра алады. Ауру белгілері орта есеппен 5-6 күнде пайда болады.

SARS-CoV-2 коронавирустық инфекцияны жұқтыру келесі жолдармен жүреді:

Ауа-тамшылы – сау адам ауада шашыраған патогенді ұсақ тамшылары бар ауа ағынымен демалғанда инфекцияны тасымалдаушы адамнан (1-1,5 м-ге дейін) қысқа қашықтықта болған кезде, жөтелгенінде немесе түшкіргенінде жұқтырады. Сондай-ақ түшкірумен немесе жөтелумен бөлінген «вирустық» тамшылар әртүрлі жоғарғы беттерге тұрып қалып, онымен байланыста болған сау адам бет бөліктерін ұстағанан кейін (мұрын, ауыз, көз, бетті тырнау) ауруы мүмкін.

Қатер тобына:

- иммундық жүйесі әлсіреген адамдар;

- медициналық қызметкерлер;

- антисанитариялық жағдайда тұратын адамдар;

- емделушімен бір бөлмеде тұратын адамдар жатады.

COVID-19 коронавирустық инфекциясының алдын алу мыналарды қамтиды:

- міндетті түрде бетперде кию;

- жеке гигиена ережелерін сақтау - қолды сабындап жиі жуу, сондай-ақ оларды дезинфекциялық құралдармен өңдеу;

- бейтаныс адамдардан 1-2 метр арақашықтықты сақтауға тырысу;

- адам көп жиналатын орындардан, бұқаралық іс-шаралардан, әсіресе жөтелетін және түшкіретін адамдар бар жерлерден аулақ болу;

-көзге, ауызға немесе мұрынға қолыңызды тигізбеу;

- жөтелгенде немесе түшкіргенде аузыңызды және мұрныңызды шынтағыңыздың бүкпесімен немесе орамалмен жабу;

- Сіз көп уақыт өткізетін бөлмеңізді жиі желдетіп, ылғалды тазалау жүргізу;

- қосымша дәруменді-минералды кешендерді қабылдау;

- егер аурудың алғашқы белгілері пайда болса, дер кезінде арнайы медициналық көмекке жүгіну қажет.

Ж.Утепкалиева,

Атырау облысы ТКҚСҚБ департаменті

инфекциялық және паразитариялық ауруларды

эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің бас маманы

Сурет:дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT