Өңірде індет жұқтырған 11 адам анықталды

Атырау облысында өткен тәулікте 11 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды.

Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлайды.

Қауіпті дертке шалдыққан науқастардың бірі Атырау қаласынан тіркелген.Сондай-ақ, Жылыой ауданынан -3, Теңіз кенішінен - 7 адамнан Сovid-19 жұқпасы анықталған.

Коронавирус жұқпасымен науқастанғандардың бәрінде ауру симптомсыз түрде өтіп жатыр. Өткен тәулікте инфекциялық стационарда ем алып жатқан 3 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты. Айта кетейік, қазіргі уақытта 155 адам үй жағдайында емделуде.

Ал, облыстық инфекциялық стационарда 29 науқас, Теңіз кенішінің инфекциялық стационарында 37 адам ем қабылдауда.

Сурет:дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521


Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

© 2023 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

Әлеуметтік желілеріміз