Ауданда тағы бір адам індет жұқтырған

Атырау облысында өткен тәулікте 17 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды, - деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Қауіпті дертке шалдыққан науқастардың 14-і Атырау қаласынан тіркелген. Сондай-ақ, Құрманғазы ауданынан - 2 , Махамбет ауданынан - 1 адамнан коронавирус жұқпасы анықталған. Коронавирус жұқпасымен науқастанғандардың 6-ында ауру симптомды, қалғанында симптомсыз түрде өтіп жатыр.

Өткен тәулікте ем алып жатқан 19 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты.

Айта кетейік, қазіргі уақытта 103 адам үй жағдайында емделуде. Ал, облыстық инфекциялық стационарда 28 науқас, Теңіз кенішінің инфекциялық стационарында 32 адам ем қабылдауда.

Сурет:дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521


Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

© 2023 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

Әлеуметтік желілеріміз