Өңірде эпидемиологиялық ахуал тұрақты

Атырауда эпидемиологиялық ахуал тұрақталып келеді.

Облыста балалар арасында жедел респираторлық вирустық жұқпаның өршуі жоқ. Қазіргі уақытта №2 Атырау облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында жедел респираторлық вирустық жұқпамен отызға жуық бала ем алып жатыр, - деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі №2 Атырау облыстық жұқпалы аурулар аурханасының бөлім меңгерушісі Әсия Сидешованың сөзіне сілтеме жасап.

Әсия Сидешованың айтуынша, жедел респираторлық вирустық жұқпаға қатысты маусымдық ахуал тұрақты. Вирустық жұқпалы аурулар өрши қалған тұста №2 облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы дәрімен толықтай қамтылған.

Айта кетейік, ағымдағы жылдың наурыз айынан бүгінгі күнге дейінгі мәліметке сүйенсек, жұқпалы аурулар ауруханасында «COVID-19» жұқпасымен отыз бала ауырып, емделіп шықты.

«Балалар «COVID-19» жұқпасын жеңіл жағдайда өткерді. Клиникалық белгілері де аса қатты білінген жоқ. Асқыну,өлім-жітім тіркелмеді. Қазір түгелдей жазылып, ауруханадан шығарылды», - деді Атырау облыстық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте №2 Атырау облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының бөлім меңгерушісі Әсия Сидешова.

Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Сурет:дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521


Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

© 2023 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

Әлеуметтік желілеріміз