Атырау медицина қызметкерлеріне 2 млрд.145 млн теңге төленді⠀

Атырауда пандемиямен күреске жұмылдырылған медицина қызметкерлеріне 2 млрд. 145 млн теңге төленді.

Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасы баспасөз-қызметінің хабарлауынша, бұл наурыз бен тамыз айлары аралығын қосқандағы көрсеткіш.

«Облыс бойынша, коронавирус және вирустық пневмония жұқтырған медициналық қызметкерлер саны - 1085. Оның ішінде, коронавирус жұқтырған 561, вирустық пневмония диагнозымен 524 медициналық қызметкер тіркеуге алынды. Бүгінгі күні 79 медицина қызметкерінің әрқайсысына 2 миллион теңгеден үстемақы төленді. Көз жұмған екі медицина қызметкерінің отбасының әрқайсысына 10 миллион теңгеден берілді. Бұл бағыттағы жұмыс арнайы комиссияның отырыстарында жалғасады» дейді Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Қабдықапаров.

Еске сала кетелік, пандемия салдарынан Атырау облысында 13 медициналық қызметкер көз жұмды. Оның алтауы коронавирустан, жетеуі вирустық пневмония салдарынан өмірден озды.

Сурет:дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521


Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

© 2023 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

Әлеуметтік желілеріміз