Маусымдық тұмау мен жұқпалы ауру қатарласып өтуі мүмкін

Атыраулық дәрігер маусымдық жұқпалы вирустан қорғанудың жолын айтты.

Пандемия жағдайында тұмау «COVID-19» жұқпасымен қатарласып өтуі мүмкін. Сондықтан көпшілік жерге бармаған дұрыс, - деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

«Жедел респираторлық вирустық жұқпа ауа арқылы таралады. Сондықтан, маусымдық жұқпадан ешкім қорғалмаған. Әсіресе, балалардың иммунитетін көтеретін құрамында С дәрумені бар тағамдарды көбірек қолдану керек. Ең дұрысы – иммунитеті әлсіз бала да, егде жасқа келген үлкен кісі де тұмауға қарсы екпе алғаны дұрыс», - деді № 2 Атырау қалалық емханасының отбасы денсаулығы бөлімінің меңгерушісі Бексана Мағауия Атырау облыстық коммуникациялар орталығында өткен брифингте.

Айта кетелік, облыс бойынша емханаларда 15 қыркүйек пен 15 қазан айы аралығында тұмауға қарсы екпе салу жүргізілуде. Тегін вакцинаны мына топтағы адамдар алады:

*Медицина қызметкерлері;

*Медициналық бақылауға жататын балалар;

*Алты айдан асқан көп ауыратын балалар;

*Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдары;

*Сәбилер үйлері балалары;

*Медициналық-әлеуметтік мекемелердің (ұйымдардың) қызмет алушылары;

*Жүктіліктің екінші немесе үшінші триместріндегі жүкті әйелдер;

*Жүрек - қантамыр жүйесінің және тыныс алу мүшелерінің созылмалы аурулары бар науқастар.

Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі

Сурет:дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521


Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

© 2023 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

Әлеуметтік желілеріміз