Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы омикрон штамын жұқтыру дерегі әлемнің 106 елінде тіркелгенін мәлімдеді.
ДДСҰ өкілдері вирустың жаңа штамына байланысты қауіп әлі де жоғары екенін айтты. «21 желтоқсандағы жағдай бойынша омикрон штамы 106 елде анықталды», – делінген ДДСҰ есебінде.
Сондай-ақ, ұйым омикрон ұжымдық иммунитеті жоғары елдерде де дельта штамына қарағанда тезірек таралатынын мәлімдеді. ДДСҰ есебіне сәйкес, әлемде 273 миллионнан аса жағдай тіркелгені, 5,3 миллионнан аса адам қайтыс болғаны белгілі болды.
Tengrinews.kz