Сақтандырылмаған азаматтар қандай медициналық көмектерге сенім арта алады

«Бүгінгі таңда Қазақстанда 15,3 млн адам немесе 80,1 % сақтандырылған болып табылады.

Сонымен қатар 3,8 млн адам немесе халықтың 19,8%-ы сақтандырылмаған мәртебеде қалып отыр. Ал, Атырау облысы бойынша тұрғындардың 568 243 адамы немесе 86,2% сақтандырылған. Облыс бойынша 91 380 адам немесе тұрғындардың 13,8% сақтандырылмаған мәртебеде. Бірақ өзінің мәртебесіне қарамастан, азаматтардың бұл санаты тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде медициналық қызметтерге де сенім арта алады.» - деп тоқталды «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ Атырау облысы бойынша филиалының директоры Б. Ғазизов.

Сақтандырылмаған азаматтар сенім арта алатын тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне (ТМККК) не кіреді:

1. Жедел жәрдем қызметтері;

2. Белгілі бір жағдайларда медициналық авиацияны тарта отырып көрсетілетін жедел медициналық көмек;

3. Медициналық-санитариялық алғашқы көмек (МСАК) қызметтері, оның ішінде:

1) ең көп таралған ауруларды диагностикалау, емдеужәне басқару;

2) халықтың нысаналы топтарын (балаларды, ересектерді)

3) профилактикалық тексеру;

4) иммундау (вакцинация);

5) салауатты өмір салтын қалыптастыру және насихаттау;

6) репродуктивті денсаулықты қорғау жөніндегі іс-шаралар;

7) босанғаннан кейінгі кезеңдегі және жүкті әйелдерді бақылау;

8) инфекциялық аурулар ошақтарындағы санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шаралар.

4. Амбулаториялық жағдайда мамандандырылғанмедициналық көмек: 

1) АИТВ-инфекциясының және туберкулездіңпрофилактикасы, диагностикасы;

2) жарақаттар, уланулар немесе басқа да шұғылжағдайлар кезіндегі қызметтер, оның ішінде елдегіэпидемиологиялық жағдайдың нашарлауын тудыратынаурулар кезіндегі және оларға күдік туындағанжағдайларда сақтандырылған мәртебесіне қарамастанбарлық адамдар үшін мобильді бригаданың қызметтері;

3) әлеуметтік маңызды аурулар кезіндегі диагностика және емдеу;

4) динамикалық бақылауға жататын созылмалы ауруларкезіндегі диагностика және емдеу.

5. Стационарды алмастыратын жағдайлардағы мамандандырылған медициналық көмек:

1) әлеуметтік мәні бар аурулар кезіндегі емделулер;

     2) елдегі эпидемиологиялық ахуалдың нашарлауын тудыратын аурулар кезінде және оларға күдік туындаған жағдайларда сақтандырылған мәртебесіне қарамастан жалпыға бірдей үйдегі стационардың қызметтері;

     3) динамикалық бақылауға жататын созылмалы аурулар кезіндегі емдеу.

6. Стационарлық жағдайда көрсетілетін мамандандырылған медициналық көмек:

1) айналасындағыларға қауіп төндіретін инфекциялық немесе паразиттік аурумен ауыратын науқаспен қатынаста болған адамдарды, сондай-ақ бактерия тасымалдаушыларды, вирус тасымалдаушыларды және қауіп төндіретін инфекциялық немесе паразиттік ауруға күдікті адамдарды оқшаулау кезінде;

2) инфекциялық, паразиттік ауруларды және айналасындағыларға қауіп төндіретін ауруларды емдеу кезінде;

3) сақтандырылу мәртебесіне қарамастан адамдарға шұғыл көмек көрсету, оның ішінде тәулік бойы стационардың қабылдау бөлімшесінде емдеу-диагностикалық іс-шаралар өткізу;

4) жоспарлы тәртіпте.

7. Медициналық оңалту:

1) негізгі ауруды емдеуде;

2) туберкулезбен ауыратын науқастар үшін.

8. Паллиативті медициналық көмек;

9. Мамандандырылған медициналық көмек көрсету кезінде медициналық көрсетілімдер болған кезде қан препараттарымен және оның компоненттерімен қамтамасыз ету;

10. Амбулаториялық, стационарды алмастыратын және стационарлық жағдайларда мамандандырылған медициналық көмек көрсету кезіндегі патологиялық-анатомиялық диагностика;

11. Қазақстандықтарды шетелге емделуге жіберу және (немесе) отандық медициналық ұйымдарда емделу үшін шетелдік мамандарды тарту;

13. Дәрілік заттармен, медициналық бұйымдармен, мамандандырылған емдік өнімдермен, иммундық-биологиялық дәрілік препараттармен қамтамасыз ету;

Егер сізде қосымша сұрақтар туындаса, сіз емхананың анықтама қызметіне немесе сізге ыңғайлы байланыс арнасы арқылы әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жүгіне аласыз: fms.kz ресми сайты, 1406 байланыс орталығы, Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы жәнеTelegram-дағы SaqtandyryBot

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521