Атырау облысында коронавирустық инфекциямен сырқаттану деңгейінің күрт өсуі байқалады, деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.
Соңғы 10 күнде Атырау облысында коронавирустық инфекцияны жұқтырудың 314 дерегі тіркеліп отыр.
"Өткен тәулікте 97 атыраулықтан коронавирус инфекциясы анықталды. Аурудың ошағы Атырау қаласы мен Жылыой ауданы болып отыр. Коронавирус инфекциясының таралу деңгейі бойынша Атырау облысы "сары аймақта" делінген Атырау облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мәліметінде.
Еске сала кетелік, 2020 жылдың 28 наурыз - 2022 жылдың 10 қаңтар аралығында облыс бойынша коронавирус инфекциясын 52 514 адам жұқтырды.