Облыста сырқаттар жатқан 730 инфекциялық төсек-орын босады

Атырау облысында қауіпті вирусты жұқтырған науқастарға арналған инфекциялық төсек-орын 30 пайызға азайды.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, соңғы күндері коронавирус инфекциясына шалдыққандар саны төмендегені байқалған. Мәселен, өткен тәулікте 24 адамнан қауіпті вирустың белгісі анықталған.

«Атырау облысында 15 қыркүйектен бері облыстық ауруханада, кардиоорталықта, екі жатақханада, теміржол ауруханасында орналасқан бес инфекциялық стационар жабылған еді. Кейін қазан айының басында фтизиопульмонологиялық орталық базасында жұмыс істейтін инфекциялық стационар жұмысын тоқтатты. Осыған байланысты ауруханалардағы инфекциялық төсек-орындар саны 30%-ға, нақтысында 2 352-ден 730 орынға дейін қысқарды», делінген хабарламада.

Қазір модульдік ауруханада – 99, №2 облыстық ауруханада – 6, аудандардағы инфекциялық стационарларда – 33 науқас ем қабылдау үшін оқшауланған. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда 73 пациент жатыр.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521


Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

© 2023 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

Әлеуметтік желілеріміз