1 қараша күні Атырауда 10 адам миллионер атанады

«Атырауда "Вакцина ал да, ақшалай сыйлыққа ие бол!" ұтысының финалдық кезеңі өтеді» деп хабарлайды Атырау облысы өңірлік коммуникациялар қызметі.

​«Күні бүгінге дейін Атырауда коронавирусқа қарсы вакцина алғандар арасында 30 миллион теңгенің қаржылай сертификаттары тапсырылды. Енді, 1 қараша күні Атырауда "Вакцина ал да, ақшалай сыйлыққа ие бол!" ұтысы қорытындыланып, 10 миллион теңге коронавирусқа қарсы вакцина алғандар арасында ойнатылады. Ұтысқа 1 ақпаннан бастап, вакцина алған тұрғындар автоматты түрде қатысады. Жеңімпаздар «Каспиан ньюс» арнасының тікелей эфирінде кездейсоқ сандар генераторы арқылы анықталады. Вакцина - пандемияны жеңіп, қалыпты өмірге оралудың жалғыз жолы» дейді ұтысты ұйымдастырып отырған Атырау облыстық Азаматтық альянсы өкілдері.

Осылайша, 1 миллион теңгеден 10 адам жеңімпаз атанады.

Еске сала кетелік, ​ "Вакцина ал да, ақшалай сыйлыққа ие бол!" ​ ұтыс ойыны басталғалы Атырауда 90 адам 200 мың, 6 адам 1 миллион,

2 адам 3 миллион теңгеден ақшалай сертификат ұтып алған болатын.

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521


Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

© 2023 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

Әлеуметтік желілеріміз