Атырауда израиль дәрігерлері бір күнде сегіз ота жасады

Израильдік дәрігерлердің Атырау облысындағы жұмыс сапары жалғасуда, деп хабарлайды облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Бүгін, 26 қазанда облыстық перинаталдық орталықта шетел мамандары бірден сегіз ота жасады. Оның ішінде 7 акушерлік (кесарь) және 1 гинекологиялық. - Сондай-ақ, дәрігерлер модульдік аурухананың инфекциялық стационарының пациенттеріне де кеңес беріп, күрделі отаға қатысты. Израиль делегациясының Атырауға сапары осы аптаның соңына дейін жалғасады, дәрігерлер босандыру мекемелеріндегі барлық шұғыл жағдайларға қатысуға ниетті,-деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, Атырау облысы әкімінің шақыруымен ана өлімінің көрсеткіштерін төмендету мақсатында аймаққа Израильден үш дәрігер шақырылған болатын. Дәрігерлер жергілікті мамандар үшін акушерлік және гинекология бойынша бірқатар шеберлік сағаттар өткізбек.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521


Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

© 2023 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

Әлеуметтік желілеріміз