Менингикок инфекциясынан қалай қорғану керек?

Денсаулық сақтау саласы мамандарының пікірінше, менингококк инфекциясы – ауруды белгісіз жағдайда тасымалдайтын жұқпалы ауру.

Назофарингит – мұрын мен жұтқаншақтың қабынуы дегенді білдірсе, менингит – ми қабықтарының қабынуы, ал менингококк сепсисі – қанның зарарлануы сынды түрлі клиникалық белгілері бар бактерияларды қоздыратын ауру.

Инфекцияның берілуі:

Ауа-тамшылары арқылы жұғуы мүмкін (жөтелгенде, түшкіргенде, сөйлегенде).

Белгілері:

Бастың қатты ауруы, шөлдеу, құсу, дене қызуының көтерілуі, қалтырау, бозару, тәбеттің төмендеуі, бөртпе, әлсіздік, арқа және аяқ-қолдардың ауруы.

Инфекциядан сақтану үшін қандай ережені ескеру керек:

Аурудың алғашқы белгілері (тамақтың қызаруы, дене қызуының көтерілуі, бастың қатты ауруы, әлсіздік) пайда болған кезде дәрігерге көріну және басқа нұсқауларын орындау;

Түрлі мәдени-бұқаралық шараларға қатысуды, жүзу бассейндеріне баруды, ойын алаңдарына баруды шектеу, жеке тазалықты сақтау;

Ғимараттарды жиі желдетіп, күн сайын ылғалды тазалау жұмыстарын жүргізу;

Созылмалы инфекция ошақтары ЛОР ағзаларын тазалау;

Тек қайнаған немесе бөтелкедегі суды ішу;

Тоңудан, ашығудан, ұйқының қанбауынан, күйзелістен аулақ болу.

Адамдар көп шоғырланған жерлерде, қоғамдық орындарда медициналық маска кию.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521