Мектептегі бала қандай тамақ ішіп жүр?

Оқушы денсаулығына қажетті ақуыздар, майлар, көмірсулар, баға жетпес амин қышқылдары, дәрумендер, май қышқылдары, минералдар, микроэлементтер сияқты нәрлі заттардың дұрыс үйлесуі аса маңызды. Оқушы тамағының ет, балық, сүт өнімдерінен, нан мен жармадан, көкөніс пен жемістерден құралуын естен шығармаған абзал.

«Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 16 тамыздағы №611 бұйрығы бекітілді. Бұйрықтың 7 тарауында объектілердегі тамақтану жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар қойылған.

Тәрбиелеу және білім беру нысандарында білім алушылар мен тәрбиеленушілерді тамақтандыру нормалары(брутто массасында) (әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмектің мөлшерін, көздерін, түрлерін және оны беру қағидаларын бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы №320 қаулысымен регламенттелген.

Тәрбиелеу және білім беру объектілерінің қоғамдық тамақтану ұйымдарында қатық, сүзбе, айранды тұтыну қаптамасындағы кондитерлік өнімдер мен тәттілерді(шоколад, кәмпит, печенье), морс, квас, күрделі(4 компоненттен артық) салаттарды, үйде дайындалған тамақ өнімдерін, тез дайындалатын құрғақ тағамдық концентраттардағы 1,2 тағамдарды, газдалған, емдік-асханалық минералдық суды, фаст-фуд, ащы дәмдеуіштерді дайындауға, өткізуге де болмайды. Әсіресе, пастерленбеген сүтті, термиялық өңделмеген сүзбе, қаймақты, құстың еті мен жұмыртқасын, қолайсыз шаруашылықтардың сүт және сүт өнімдерін пайдалануға жол берілмейтінін еске саламыз.

С.ҚАБАЗОВА, аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының маманы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521